Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті.
Орталық алаңға жиналған аудан тұрғындары ұлттық мерекенің шынайы атмосферасын сезініп, бір-біріне ақ тілектерін арнады. Келген қонақтарға ақ дастарқан жайылып, ыстық наурыз көже мен палау таратылды.
Мерекелік жиында Қыдыр ата көпшілікке ақ батасын беріп, елге береке мен бірлік тіледі. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Тілеубергенов жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Қаз-қатар тігілген киіз үйлер мерекенің сәнін келтіріп, ұлттық нақышты айшықтай түсті. Әрбір киіз үй өзіндік безендірілуімен ерекшеленіп, қазақы салт-дәстүрдің көрінісін паш етті. Ауыл тұрғындары киіз үйлерге бас сұғып, ақ дастарқаннан дәм татып, наурыз көже мен ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, бір-бірімен амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін арнады. Қонақжайлық пен кеңпейілділіктің үлгісін көрсеткен ауыл халқы мерекелік көңіл-күйді бірге бөлісіп, Наурыздың басты құндылығы – татулық пен бірлікті тағы бір мәрте дәлелдеді.
Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем ән мен күмбірлеген күйден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Қазақ күресінен екі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталып, кіші түйе палуан және түйе палуан атағын иеленген балуандар марапатталды. Бұдан бөлек, арқан тартыс, қой көтеру, жілік сындыру, мас реслинг сынды дәстүрлі сайыстар өткізіліп, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. Ауыл тұрғындары бұл шараларға жоғары белсенділікпен қатысып, жүлделі орындар қатарынан көрінді.
– Биылғы Наурыз мейрамы ерекше жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Орталық алаңдағы мерекелік көңіл-күй, ұлттық тағамдар мен концерттік бағдарлама барлығы да көңілімізден шықты. Әсіресе ұлттық ойындар мен жарыстардың көптеп ұйымдастырылғаны қуантты. Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, жастарға ұлттық дәстүрді насихаттауға үлкен үлес қосады. Осындай мерекелер жиі өткізіліп тұрса екен деген тілегім бар, деп бөлісті ауыл тұрғыны Сауле Досболова.
Мереке соңында Наурыз мейрамын ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысқан мекеме ұжымдары арнайы марапатталды. Жүлдегерлерге алғыс хаттар табысталып, ақшалай сый-сияпат көрсетілді. Бұл игі шара – ынтымақ пен бірліктің, еңбектің еленгенінің айқын көрінісі болды.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше…
Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды (далее…)
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл шара жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Фестиваль барысында…
Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)
Коллектив Узункольского управления государственных доходов и в праздничные дни старается совместить приятное с полезным, потому…
Дәмді ауылында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы кең көлемде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып…
This website uses cookies.