Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша назар аударып келеді.
Президент 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бұл өңір Үкіметтің тұрақты бақылауында болуы тиіс екенін атап өткен еді.
Осы стратегиялық міндеттер аясында жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Орталық – Батыс» көлік дәлізі.
Қостанай облысы әкімінің оңтүстік өңірлерін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Шота Оспановтың айтуынша, аталған дәліз Торғай өңірінің ғана емес, жалпы облыстың оңтүстік аумақтарының дамуына айтарлықтай серпін береді. 2025 жылғы маусым айында құрылысы ресми түрде басталған бұл күре жол Елорда мен батыс аймақтар арасындағы қашықтықты 500 шақырымнан астамға қысқартады. Президент бұл жобаның стратегиялық маңызын бұған дейін «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да ерекше атап өткен болатын.
Сонымен қатар Қостанай және Ақмола облыстары аумағынан өтетін Қостанай облысы әкімінің оңтүстік өңірлерін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесшісі «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолын жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл көлік қатынасының жақсаруы өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін арттыруға жол ашады.
– Күре жолдар толық іске қосылған жағдайда Торғай өңірінде туристік кешендер мен кемпингтер салуға, экскурсиялық бағыттар әзірлеуге мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде жаңа туристерді тартумен қатар, экономикадағы сабақтас салалардың дамуына мультипликативтік әсер береді. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласына оң ықпал етеді, – дейді Шота Оспанов.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Аталған жоспар 51 іс-шарадан тұрады және өңір өмірінің барлық негізгі салаларын қамтиды.
«Жоспарда өнеркәсіп пен көлік инфрақұрылымын дамыту, туристік және спорттық нысандар салу, агроөнеркәсіптік кешенді ілгерілету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және азаматтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жобалар қарастырылған. Туристік кешендер мен кемпингтер салу, экскурсиялық маршруттар әзірлеу өңірдің тартымдылығын арттырса, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жабық хоккей корты және жаңартылған стадион бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.
Білім беру саласында балабақша салу, екі мектепке спорт залдарының жапсарлас құрылыстарын тұрғызу, гимназияны қайта жаңғырту және Балалар шығармашылығы үйіне арналған ғимаратты бейімдеу жоспарланған. Денсаулық сақтау саласында Арқалық қаласындағы медициналық колледж ғимараты жаңғыртылып, ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынбақ» , – дейді Шота Оспанов.
Әлеуметтік қорғау бағытында Арқалық қаласында Отбасын қолдау орталығын ашу көзделіп отыр. Ал инфрақұрылымдық жобалар жылу, су, кәріз және электр желілерінің тозуын азайтуға мүмкіндік береді. Азаматтық қауіпсіздік мақсатында Арқалық қаласы мен Жангелдин ауданында өрт сөндіру деполарын салу жоспарланған.
Жоспардың маңызды бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл ретте мал және құс шаруашылығын өркендету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ісіне басымдық беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Арқалық қаласында аса маңызды инфрақұрылымдық жоба – әуежай құрылысы жүзеге асырылуда.
Әуежайды қалпына келтіру Арқалықты Қостанай, Астана және Алматы қалаларымен байланыстыратын әуе бағыттарын іске қосу арқылы тұрғындар үшін көлік қолжетімділігін арттырады.
«Жаңғырту нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі уақытта терминал ғимараты салынуда, инженерлік коммуникациялар тартылған. Жобаны осы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы, Торғай аймағын дамыту бағдарламасының ауқымды бағыты – Арқалық қаласын көркейтуге арналғанын атап өту керек. Биыл Арқалықтың 70 жылдығы. Өткен жылдан бері қаладағы инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір қаланың келбеті бұрынғыдан көп өзгерген. Қаланың орталық ауданындағы көпқабатты үйлер қалпына келтіріліп, бірқатарының шатырлары жөнделді. Әлеуметтік маңызы бар нысандар, спорт, мәдениет, денсаулық салалары ғимараттары салынып, жаңартылуда. Жалпы алғанда, қолға алынған жобалар Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына берік негіз қалайды», – дейді Шота Оспанов.
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ
Сотрудники линейного управления полиции на станции Астана оперативно помогли пассажирке вернуть утерянные личные вещи и…
Бүгінгі таңда елімізде жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді. (далее…)
Он является выпускником Аулиекольской школы-гимназии им. Сулатана Баймагамбетова. (далее…)
Мәдина Серікбол олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 3 орынды иеленді (далее…)
По состоянию на 20 января в Денисовке продолжается плановая и усиленная работа по зимнему содержанию…
Торжественный прием состоялся 20 января в зале областного акимата, куда были приглашены журналисты республиканских и…
This website uses cookies.