Жалтыркөл тұрғыны еліміздің рәміздерін ерекше қадірлейді

Денисов ауданы Жалтыркөл ауылының тұрғыны Әнуар Досановтың Мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігі шексіз. Үйінің жанына еліміздің көк байрағын орнатып қойыпты. Бұл әрекетімен Қазақстан Республикасының Туына ерекше құрметін білдіргісі келеді.

Мұндай ой бала кезінен туындаса керек. Әкесі Сламғали ақсақал кезінде ауданға аты шыққан экономист болыпты. Кеңес дәуірі тұсында Мәскеуде өткен экономистердің үлкен жиналысына қатысып, базарлық есебінде баласына сол кездегі Қазақ КСР-ның туын әкеліп береді. Сол уақыттан бастап Мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы ой бала қиялында берік сақталған сияқты.

– 2020 жылғы желтоқсанда жеке тұлғаларға Туды ілуге ресми рұқсат берілді. Сол сәттен бастап үйімнің ауласына орнаттым. Заңнама талабын сақтай отырып, күтімін жасаймын,-дейді Әнуар Досанов.

Патриот азамат қайда жүрсе де Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетуден талмайды. Автокөлік нөміріндегі Тудың бейнесін де сүртіп, барынша күтіп ұстауға тырысады.

– 2012 жылы автокөліктерге арналған нөмірлердің жаңа үлгісі шыға бастады. Мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің сол жағына Қазақстан Республикасының Туы және «KZ» индексі қосылды. Сол кезде мен бірден көлік нөмірін жаңартып алдым. Мен үшін еліміздің көк байрағы – мақтаныш, зор құрметтің белгісі,-дейді ол.

Елімізде жыл сайын 4 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің күні аталып өтеді. Маңызды мерекеде рәміздердің құндылығы дәріптеледі. Ту, Елтаңба, Әнұран – бәрі тәуелсіздіктің, егемендік негізгі атрибуты саналады. Оны пайдаланудың өзіндік талабы бар.  2020 жылы ел Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы заңнама қайта қаралды. Нәтижесінде бұрын қабылданған шектеулер азайып, азаматтардың Мемлекеттік Туды тұрғын үйлерінің балкондарына немесе қабырғасына ілуіне заңнамалық тұрғыдан рұқсат берілді. Бұл жерде Мемлекеттік Ту ұлттық стандартқа сай болуы тиіс екенін ескерген жөн. Стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, ол ауыстырылады немесе жойылады.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті кейіпкер ұсынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе выделили свыше 13 миллионов тенге на строительство учебно-тренировочной башни для спасателей

В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)

2 часа назад

В Камыстинской районной больнице продолжают привлекать молодых специалистов

Когда в реанимации звучит сигнал монитора, у врача нет времени на долгие раздумья. (далее…)

6 часов назад

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

1 день назад

Қамыстыда медицина мамандарына баспана беріліп, мұғалім тапшылығы шешіліп жатыр

Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…

1 день назад

В Камысты жители могут бесплатно заниматься на тренажёрах, играть в волейбол и мини-футбол

В недавно открытом спорткомплексе «Камысты Арена» уже собираются любители активного отдыха. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.