7 баласы бар отбасы Шилі ауылының тіршілігін қалай жандандырды?

Жангелдин ауданының Шилі ауылына көші-қон бағдарламасы аясында еңбек күші тапшы аймақтарға көшіп келген көпбалалы отбасы аз уақыт ішінде жергілікті халықтың сүйіктісіне айналды. Сыр өңірінен келген ағайын ауылдың нан мәселесін шешіп қана қоймай, мал шаруашылығын да дөңгелетіп отыр.

Жазылбек Жүргенбаев пен Арайлым Шанбаева 2024 жылдың тамыз айында 7 баласы және анасымен бірге Шилі ауылына көшіп келген. Мемлекет тарапынан көшу шығыстары төленсе, жергілікті тұрғындар ақша жинап, жаңадан келген отбасына баспана алып берген. Мұндай қонақжайлылықтан кейін көпбалалы отбасы жаңа ортаға тез сіңісіп кетті.

«Ауылға бірден үйреністік, ауасы керемет, халқы өте қонақжай екен. Алғашқы екі жылда ауыл тұрғындары бізге қатты қолдау көрсетті. Отын-көмірімізді реттеп, малға шөп түсіріп берді. Қазір, құдайға шүкір, осы ауылда бұрыннан тұратын адамдар сияқты сіңісіп кеттік. Бес балам мектепте оқиды, бір балам студент, ал кенжеміз балабақшаға барады», -дейді Арайлым Шанбаева.

Бүгінде Арайлым Шанбаева ауылдағы мектеп асханасында аспазшы болып жұмысқа орналасқан. Аспаздық шеберлігін тек мектеппен шектегісі келмеген ол үйде отырып та жеке кәсібін бастаған. Өз қаражатына үлкен кәсіби пеш сатып алыпты.

Мемлекеттен жаңа бизнес идеяларды дамытуға арналған 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантты ұтып алып, төрт бас қара мал бұзаумен алды.

«Қостанайдан тонналап ұн алдыртамын. Күнделікті ауыл тұрғындарына ыстық нан пісіріп сатамын. Одан бөлек, тапсырыспен торт, самса, пицца, бәліш мен тәтті тоқаштар дайындаймын. Ауылдастардың сұранысы өте жоғары», – дейді Арайлым.

Отбасы тек наубайханамен шектелмей, алған грант қаражатына мал сатып алып, оның өнімін көре бастаған. Кейіннен өз қаражаттарын да қосып, мал басын әжептәуір көбейтіп алған.

Мамандығы электрик отағасы Жазылбек Жүргенбаевты ауылдастары «қолы алтын шебер» деп атайды. Ол Шилі ауылының электр желілерін қалыпқа келтіріп, тұрғындардың көліктерін жөндеумен айналысады. Күн-түн демей, өзінің жеке көлігімен қала мен ауыл арасындағы шаруаларды тиянақты атқарып жүрген Жазылбектің еңбегі бүгінде бүкіл ауылдың рахатына айналған.

Жангелдин ауданы мансап орталығының мәліметінше, оңтүстік өңірлерден жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға қоныс аудару бағдарламасы өз тиімділігін көрсетуде. Сыр өңірінен келген бұл отбасы – мемлекеттік қолдауды дұрыс пайдаланып, ауыл экономикасына серпін берудің жарқын үлгісі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Науырзымда жаңа баспанаға жол ашылды

Тұрғын үй мәселесі – халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі.…

12 минут назад

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

3 часа назад

Денисов ауданының жұмыспен қамту деңгейі артып келеді

Жыл басынан бері Денисов ауданы аумағында 46 адам қоғамдық жұмыстарға орналасқан (далее…)

4 часа назад

Науырзымның мектептерінде алғашқы қоңырау үні естілді

Ауданымызда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтіп, жаңа оқу жылына алғашқы қадам…

22 часа назад

Жители мкрн “Байтерек” в Тобыле возмутились начислениями за горячую воду во время ее отключения

По словам людей, в августе у них отключали горячую воду, однако в общей группе в…

23 часа назад

This website uses cookies.