Категории: Без рубрики

Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты

Тіл – қай ұлтта болсын, қай елде болсын қастерлі де қадірлі. Ол әрбір адамға ана сүті арқылы беріледі

Әр адамның өз ана тіліне деген құрметті сезінуі – қасиетті борышы.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі. Бабамыздан қалған бұл тіл  ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан түркітілдес елдер арасындағы өте бай тіл.

Қазақ халқы сөзге үлкен мән берген халық. Тәрбие мәселесіне келсек, тілдің атқаратын рөлі орасан зор екенін көреміз. Ата-бабаларымыз осы бай тілімен бесіктегі әлдиінен бастап бала бойына отаншылдық, елжандылық, адамгершілік, көрегенділік сияқты жоғары қасиеттерді сіңірген. Небір шешілмейтін дау-дамайларды да осы тіл арқылы тоқтатқан. Ханға да қараға да тоқтау болған сөз екенін әдеби мұралардан талай оқып білдік. Ақын-жырауларымыз ұрпаққа осы тіл арқылы өнеге қалдырған. Халқымыз тіл арқылы мәдениетін, әдебиетін өрбітіп, кемел байлықты ұмытпай бүгінгі ұрпаққа жеткізген.

Тіл байлығымыз – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Қазақ тілі мәртебесін асқақтату келешек ұрпақтың міндеті. Ал өскелең ұрпақтың бойына сол қасиетті дарыту, ой-санасына қалыптастыру – біздің міндетіміз.

Тіл жанашыры – ұлт жанашыры. Тілге жанымыз ашымаса, елін, Отанын, халқын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу екіталай екені анық. Болашағымызды баянды ететін қаруымыз – тіліміз.

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Мемлекеттік тілді меңгеру еліміздің әрбір азаматтың міндеті мен парызы болып табылумен қатар, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайды. Елімізде мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері де жеткілікті. Мысалы: Геннадий Шиповский, Мая Веронская, Оксана Лоскутова, Оксана Петерс т.б. Бұл өте қуантарлық жағдай екені сөзсіз. Біз өзге ұлт өкілдеріне өзіміз үлгі көрсеткен жағдайда ғана тілдің даму деңгейіне зор үлес қоса аламыз.

Тіліміздің қолдану аясы қарқынды дамыса, еліне, жеріне ұлтжандылықпен қарайтын ұрпағымыз болса, Қазақстанның болашағы жарқын боларына кәміл сенуге болады.

Елбасымыз айтқандай еліміздің болашағы жастардың қолында.

Осы тұрғыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті де тіліміздің дамуына өзінің зор үлесін қосуда.

Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудің 2018 жылға арналған іс –шаралар жоспарын орындауда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жоспардың әр тармағы бойынша да,  қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау жөніндегі іс-шаралардың да маңыздылығы ескеріле отырып, департаментте тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі, іс- шаралардың өткізілуіне  әр жеке құрам белсене ат салысады. Сонымен қатар қала бойынша да тілге қатысты болып жатқан барлық іс-шаралардан департамент тыс қалмайды.

О. Нұрғалиева

admin

Недавние новости

Юные спортсмены Сарыкольского района покоряют асық ату и бес асық

Сила традиций и дух соревнований: асық ату и бес асық объединяют молодежь (далее…)

5 часов назад

Қарамеңділік жас өнертапқыштардың жарқын жобалары

Наурыз мерекесі аясындағы Жаңару күніне орай Науырзым ауданындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде ерекше мазмұнды…

22 часа назад

Активисты экодвижения учреждения образования Карасуского района отпраздновали День обновления

В Жаңару күні – шестой день общенациональной декады Наурызнама школьники Амангельдинской ОШ провели встречу единомышленников…

23 часа назад

В Карасуском районе на водоёмах начались взрывные работы

Первые взрывы выполнены на реке Карасу в районе села Карасу. (далее…)

1 день назад

В Аулиеколе состоялся районный конкурс «Бұрымды қыз-2026»

Мероприятие прошло в рамках Наурызнама и стало настоящим праздником красоты, традиций и женственности, объединив талантливых…

1 день назад

В Денисовском районе проведены взрывные работы для предупреждения паводка

Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.