Алдымен оларды аудан әкімі қабылдап, дөңгелек үстел өткізді
Сарыкөл ауданына Қытай Халық Республикасынан іссапармен арнайы келген делегация ірі кәсіпорын басшылары болды.
Қытайлық делегация бірқатар өндіріс орындарын аралап, инвестиция салуға ниетті салалардың жұмысымен танысты.
Шетелдік кәсіпкерлермен аудан әкімі Марат Шымырбеков кездесіп, ауданға инвестиция салатын кәсіпкерлерге инфрақұрылым жеткізіп беру және жеңілдетілген несие алу мәселелері бойынша көмек көрсетілетінін жеткізді.
– Ауданымыз негізінен, астық егумен айналысатын аймақ. Сонымен қатар, бізде мал шаруашылығына да да басымдық берілген. Ауданға инвестиция салуға ниет білдірген жағдайда, біз сіздерді қолдауға дайынбыз, – деді аудан басшысы Марат Шымырбеков.
Кездесуде екі тарап инвестициялық жобалар туралы талқылады. Ресми кездесуден соң делегация мүшелері Баймырза Хаербекұлы Сатаевқа тиесілі Тәгіл ауылындағы Тұқым шаруашылығындағы механикаландырылған тұқым тазалау желісінің жұмысымен танысты. Сосын сол ауылдағы «Утинов» жеке кәсіпкерлігінің «Өндірістік қуаттылығы 60 мың тонна құрайтын азықтық ұн өндіру зауытына барды. Сонымен қатар, Сарыкөл элеваторына соғып, одан кейін «Агропарасат» ЖШС-дегі механикалық астық тазалау желісіне барды.
Жалпы, Қытайдан келген инвесторлар Сарыкөлге келген сапарларынан астық өндіру, элеватор салу және ұн өндірісіне ерекше қызығушылық танытты. Кездесу барысында кәсіпкерлерге өндіріс орнының қуаттылығы, логистикалық, инженерлік-инфрақұрылымдық жағдайы туралы толыққанды ақпарат берілді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Участниками второго конкурсного сезона, направленного на возрождение традиций и сохранение устоев культур тюркских народов, стали…
В селе Гришенка волонтёры провели очередную социальную акцию помощи, направленную на поддержку одинокопроживающих пожилых людей.…
Мероприятие прошло в рамках реализации государственного социального заказа и было направлено на повышение правовой грамотности,…
Орайхан Қайса жайлы бір үзік сыр. (далее…)
Қарасу ауданы көктемгі тасқын судың қауіп-қатері бойынша «қызыл» аймаққа енгізілгені белгілі. (далее…)
Биыл егіске 34,8 мың тонна тұқым дайын. (далее…)
This website uses cookies.