Арқалыққа басымдық: Торғай өңірін дамытудың өзегі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің ерекше бақылауына алынды.

Осы бағытта Қостанай облысының әкімдігі Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын қамтитын үш жылдық кешенді даму жоспарын бекітті. Жалпы құны 165,5 млрд теңгені құрайтын бұл жоспар 51 нақты іс-шарадан тұрады.

– Биыл Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің назарында болуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты қазіргі уақытта Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын алдағы үш жылдық кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жоспар бекітілді. Ол жалпы сомасы 165,5 млрд теңге болатын 51 іс-шарадан тұрады. Құжат өңірді дамытудың басым салалық міндеттерін жедел шешуге бағытталған, – деді Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Аталған бастамалардың ішінде Арқалық қаласына айрықша басымдық беріліп отыр. Қалада стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. Соның ең ауқымдысы, Арқалық әуежайының құрылысы. Қазіргі таңда терминал ғимараты салынып, инженерлік желілер тартылған. Әуежайды 2026 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жоба қаланың көлік қолжетімділігін арттырып, экономикалық және инвестициялық тартымдылығын күшейтеді.

Сонымен қатар Арқалықты елдің негізгі өңірлерімен байланыстыратын көлік инфрақұрылымы жаңғыртылуда. «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолын жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталмақ. Ал биыл маусым айында құрылысы басталған «Орталық – Батыс» көлік дәлізі жол қашықтығын 549 шақырымға қысқартып, Арқалықтың транзиттік әлеуетін арттырады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Для Елены Карповны Ткаченко – 96 лет не повод пропускать выборы!

Сегодня на избирательный участок пришла отдать свой голос Елена Карповна Ткаченко. (далее…)

36 минут назад

Уборочная страда в Узункольском районе продолжается даже несмотря на погодные «качели»

Август  - месяц не осенний, но норов свой показывает то проливным дождём, то утренними туманами…

2 часа назад

Как началось голосование в Узункольском районе – увидели наши корреспонденты

С раннего утра на избирательном участке № 770, расположенном в Доме культуры села Узунколь, многолюдно.…

3 часа назад

Науырзымда Құрылтай депутаттарын сайлау басталды

Бүгін, 23 тамызда таңғы сағат 07:00-де Қазақстанда жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлау ресми түрде басталды.…

3 часа назад

Первые избиратели проголосовали в Аулиекольском районе

В Казахстане стартовали выборы депутатов в Курултай. (далее…)

3 часа назад

This website uses cookies.