Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты
Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.
Аудан әкімі сайлауға қатысу — әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам екенін атап өтті.
«Сайлауға қатысу — азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі. Әр азамат өз таңдауын жасап, еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады», — деді Марат Шымырбеков.
Сайлау — азаматтардың өз ұстанымын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс.

Бүгінгі таңда Сарыкөл ауданында да сайлау учаскелерінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
Просмотров: 3