«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге асырылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» идеясын қолдау мақсатында Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков жастарға «Сарыкөл саңлақтары. Меңдеке батыр» кітабын табыстады.
Туған өлкенің тарихын дәріптейтін бұл кітап жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, ел үшін еңбек еткен тұлғалардың өмірі мен ерлігін тереңірек танып-білуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулиды.
-Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастыратын, білімге деген құштарлығын арттыратын маңызды құрал. Әсіресе, туған жердің тарихы мен оның даңқты тұлғалары туралы еңбектердің тәрбиелік мәні ерекше, – деді Марат Лесбекұлы.
Сонымен қатар, аудан әкімі жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың және олардың рухани дамуына қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, өз тарихын таныған, ұлттық құндылықтарын құрметтеген ұрпақ ел болашағының жарқын болуына үлес қоса алады.
– Кітап оқитын ұлт – озық ойлы, рухы биік ұлт! «Кітап оқитын ұлт» идеясы – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға, білімді әрі ойы озық, өздеріңдей ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама. Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуына қолдау көрсету – баршамызға ортақ міндет. Туған жердің тарихын танып, ел үшін еңбек еткен тұлғалардың өнегесін бойға сіңіру арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптей аламыз. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жерге деген құрметін нығайта түседі, – деді Марат Шымырбеков.
Сарыкөлдің тарихы туралы кітапты сыйлыққа алған өзге ұлт өкілдері алғыстарын білдіріп, болашақта қазақ тілін одан әрі дамытуға өз үлестерін қосатындықтарын айтты.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор.
Сарыкөл ауданы
Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…
Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…
Қостанай ауданындағы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай және «Заң мен тәртіп»…
«Үлгілі ауыл – Лучшее село» облыстық байқауында Арқа ауылы «Үздік ауыл» аталымында жеңімпаз атанды. (далее…)
Абай облысының Семей қаласында Республика күніне орай журналистер мен баспасөз хатшылары арасында республикалық спартакиада өтті.…
В ДК «Алтын дән» прошло награждение известных деятелей социальной сферы, представителей общественных объединений и фондов,…
This website uses cookies.