Денисов ауданының параспортшысы Азия Пара ойындарына қатысуда

Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының сапында бақ сынауда.

Ол 21 және 22-қазанда диск және ядро лақтырудан сайысқа түсті. Светлана Иржанова ұзақ жылдан бері саламатты өмір салтын ұстанады. Пара жеңіл атлетикадан халықаралық байқаулардың жүлдегері және ҚР чемпионаттарының сегіз мәрте чемпионы. Бір уақыттары пара дзюдодан қола жүлде алған. Қазіргі таңда спортты белсенді насихаттап жүр. Әсіресе жастарды спортқа шақырғанды құп көреді. Сондай-ақ пара жеңіл атлетикадан ҚР-ның ұлттық құрамасының мүшесі. Ал спорттан тыс Денисов ауданында «Умай» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігін басқарады.

Естеріңізге сала кетейік, Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында Азия Пара ойындары өтіп жатыр. Еліміздің параспортшылары 2026 жылғы 18–24 қазанда ел намысын қорғайды. Бесінші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара садақ атудан, пара үстел теннисінен, пара дзюдодан, пара велоспорттан (шоссе), пара жүзуден, пара пауэрлифтингтен, пара тхэквондодан, пара жеңіл атлетикадан, волейболды отырып ойнаудан сынға түсті. Жарыс күнінің қорытындысы бойынша ел құрамасының қоржынына 16 медаль түсті. Жалпы жүлде саны 37 медальға жетті. Оның ішінде 10 алтын, 11 күміс және 16 қола бар.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті Светлана Иржанова жолдады

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

6 минут назад

Сарыкөл ауданының әкімі жастарға кітап сыйлады

«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…

11 минут назад

Қамысты ауданының оқушылары облыстық жас көшбасшылар форумына қатысты

Қостанай ауданындағы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай және «Заң мен тәртіп»…

18 минут назад

Қамысты өңірі: Арқа ауылы үздік ауыл атанды

«Үлгілі ауыл – Лучшее село» облыстық байқауында Арқа ауылы «Үздік ауыл» аталымында жеңімпаз атанды. (далее…)

18 часов назад

Қостанайлық журналистер республикалық спартакиадада ІІІ орын алды

Абай облысының Семей қаласында Республика күніне орай журналистер мен баспасөз хатшылары арасында республикалық спартакиада өтті.…

19 часов назад

В Тобыле поблагодарили представителей сферы социальной защиты в честь профессионального праздника

В ДК «Алтын дән» прошло награждение известных деятелей социальной сферы, представителей общественных объединений и фондов,…

19 часов назад

This website uses cookies.