Ауыл шаруашылығы – елдің несібесі, жердің ырысы, халықтың берекесі
Егіні жайқалып өскен, қырманына қыдыр қонған Сарыкөл ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Еңбек адамдарына арналған кештің ашылу салтанатында «Әгугай» ансамблі «Ел тілегі» әнін орындап, іс-шараның әрін келтірді.
Алдымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрқуат Біртазин құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін өткізді. Көпжылдық, мінсіз, адал еңбегі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан айрықша үлесі және жас мамандар үшін баға жетпес тәлімгерлік қызметі үшін «Құрметті ардагері» медалі «Нұр-Айгер-СК» ЖШС директоры Серікбай Жұмағұлов, «Мақатов» ШҚ басшысы Қайырбай Мақатов және «Капанадзе» ШҚ басшысы Григол Капанадзелерге табысталды.
Айта кетейік, Республикалық агрофорумда «Елсан-Агро» ЖШС директоры Тұрсынбай Сәдуақасовқа Мемлекет басшысы ұзақ мерзімді және тиімді жұмысы үшін 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін табыс еткен болатын. Ал, «Өтемісов» шаруа қожалығының комбайншысы Талғат Усабаев жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденіне ие болды. Сонымен қатар, «Сатаев» шаруа қожалығының бас агрономы Алдаберген Мусин Ауыл шаруашылығы министрлігінің грамотасымен марапатталды.
Одан бөлек, ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін, ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнін мерекелеуге байланысты облыс әкімінің грамотасын төрт адам иеленді.
Сонымен қатар, аудан әкімі Марат Шымырбеков сөз алып, жүрекжарды лебізін білдірді.
-2025 жыл – Президент жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл – елдің нағыз тірегі болып жүрген еңбек адамдарына арналған жыл.Соның ішінде, ауыл шаруашылық еңбеккерлері – осы жылдың басты қаһармандары. Біз үшін биылғы жыл да берекелі, астыққа толы болды. Облыс бойынша жоғары өнім алып, көш басынан көріндік. Сіздердің маңдай термен келген еңбектеріңіз еліміздің дамуы мен берекесінің негізі. Еңбектеріңіз еселеніп, жемістеріңіз арта берсін, – деді Марат Лесбекұлы.
Аудан басшысы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін және ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнін мерекелеуге орай өз атынан жиырма адамға мадақтама қағаздарын табыс етті.
Айтпақшы, 2025 жыл Әділбек Танкибаев үшін өте маңызды болды. Көпжылдық, адал еңбегі және ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін оның есімі Қазақстанның Алтын кітабына енгізілді. Осы кітаптың көшірмесі оған салтанатты түрде табысталды.
Мереке барысында Сарыкөл ауданының әкімі Марат Лесбекұлының бастамасымен және демеушілер – Серікбай Қабетұлы, Қаратай Кәкімұлы, Қайырбай Қонқайұлы, Баймырза Хаербекұлының қолдауымен «Меңдеке батыр» және «Сарыкөл саңлақтары» атты құнды кітап қайта өңделіп, ауыл шаруашылығына үлес қосқан ардагерлер мен мәртебелі меймандарға табыс етілді.
Сонымен қатар, мерейлі мерекеде «АMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бахытжан Жантемір сөз алып, партияның орталық аппараты хатшысының атынан Серікбай Қабетұлы мен Баймырза Хаербекұлына Алғыс хаттарды табыстады.
Мереке барысы қонақтармен белгілі кәсіпкерлердің құттықтауына ұласты. Сондай-ақ, аудандық өнерпаздармен бірге белгілі эстрада орындаушысы, жерлесіміз Тоғжан Мұратова арнайы келіп, ән салып, мерекенің мәнін кіргізді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
За это время руководство крестьянского хозяйства не раз помогало жителям района. Кроме того, предприятие ежегодно…
Учитывая, что в целом по области она вызывает беспокойство. (далее…)
Но на этом местные власти совместно с ТОО «Горизонт-2012» не планируют останавливаться. Представитель товарищества Ринат…
Из 23 населённых пунктов района 96,6% населения подключено к централизованной системе водоснабжения. (далее…)
Чтобы отследить ситуацию с завышением цен на продукты питания, по инициативе отдела предпринимательства района совместно…
В Костанайской области объемы жилищного строительства растут. Однако в сельской местности, особенно в малых селах,…
This website uses cookies.