Аталған шараның басты мақсаты – жастарды жаңа Конституция жобасымен және конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және елдегі өзгерістерге бейжай қарамайтын белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Дебат барысында қатысушылар XXI ғасыр азаматы қандай болуы керек, оның құқықтары мен міндеттері қандай, Конституция қоғам өмірінде қандай рөл атқарады деген маңызды сұрақтарды талқылады. Студенттер жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістердің мәніне тоқталып, конституциялық реформаның ел дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қосар үлесі туралы өз пікірлерін білдірді.
Пікірсайысқа қатысушылар өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, құқықтық нормалардың заманауи талаптарға сай жаңаруының маңызын атап өтті. Олар Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар жастар жаңа реформалардың ашықтықты, әділдікті және азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндігін арттыруға бағытталғанын айтты.
Шара барысында студенттер тек теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, өз көзқарасын еркін білдіру және қарсы пікірге құрметпен қарау дағдыларын көрсетті. Дебат қорытындысында ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда, ел болашағына жауапкершілікпен қарауын нығайтуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде өткен бұл дебат студенттердің жаңа Конституция жобасы мен конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуіне, сондай-ақ XXI ғасыр азаматы ретінде өз орнын айқындауына мүмкіндік берген маңызды алаң болды.
Сарман АЛДИЯР, суреттерді ұсынған ішкі саясат бөлімі
Третий год во встрече-выставке принимают участие не только креативные педагоги учебных заведений региона, но и…
Музыка, стремительно летящая со сцены в пустой зрительный зал Дома культуры, гулким эхом возвращалась на сцену,…
Жоғары аудиторлық палатаның Қостанай облысына жүргізген тексерісінен кейін аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен мемлекеттік аудиттің…
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ізі қалған қасиетті Қостанай жерінде ауылдық…
Қарлығаш Тасмұхамедқызы 20 жылдан артық еңбек етіп келеді. (далее…)
Завершено расследование по факту участия в преступной схеме по выводу денежных средств, полученных незаконным путём.…
This website uses cookies.