Наурыз –жыл басы , көктем мейрамы.
Наурыз мейрамы күн мен түн тепе – тендікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады, дастархан жайылады. Адамдар бір бірімен төс қағыстырып мерекемен құттықтайды. Науырзым ауданында Шолаксай ауылында орналасқан Шолақсай жалпы білім беретін мектебінде «Армысың, Әз Наурыз» атты мектепшілік мерекелік іс-шара өтті. Мұғалімдер мен оқушылар, ата –аналар қазақтын салт – дәтсүрлерін көрсеттіп, ұлттық ойындары ойнатылды.
-Концерт биыл өте ерекше аталып өтті мектебіміздің «UNIT» паралментінің оқушылары меркелік іс-шараны өздерінің қолдарына алып жоғары деңгейде өткізді. Концертпен қатар дене шынықтыру пәннің мұғалімі Айбек Қабденов «Асық ату», «Арқан тарту», «Бес асық» қазақтын ұлттық ойындарын жүргізді. Меркелік іс –шараға шақырылған әжелеріміз баталарын беріп, салт –дәстүрлерді көрсетті. Дастарқан жайылып қазақтың ұлттық тағамы ет пен қазанымызда піскен наурыз көже таратылды, – дейді Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері Гүлнар Осипова.
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы Шолақсай мектебінде осылай ерекше тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт – береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған кейіпкер
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)
This website uses cookies.