Тәуелсіздік күні қарсаңында Арқалық қаласында 148 балаға шақталған жаңа балабақша ашылды.
Мектепке дейінгі тәрбие ұйымының қуанышын бөлісуге Арқалық қалалық мәслихаттың төрағасы Гүлбану Елтебаева келді. Балалар мекенінің ашылуымен құттықтап, бұл игілікті істің болашаққа нық қадам басатын, саналы, отансүйгіш азамат тәрбиелеу бағытында жасалып жатқан оң істердің бірі екенін ерекше атап өтті.
Жаңа бөбекжайдың тұсаукесер рәсімі Арқалық қалалық аналар кеңесінің төрағасы Бақытжамал Қалтаева мен балабақша балақайларының әжесі, зейнеткер Клара Жанұзаққызына бұйырды. Ұлттық салт-дәстүрімізге сай шашу шашылып, бата берілді. Қала тұрғындарына балабақшаның ашылғанына қуанышты.
-Немерелерімді бабалбақшаға өзім әкеліп, алып кететініме қуанып отырмын. Мұнда дұрыс тәрбие, сапалы білім беретініне сенімім зор. Осы орайда алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Балаларымыз аман болсын, – дейді қала тұрғыны, зейнеткер Клара Жанұзаққызы.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі «Ақбота» бөбекжайының екінші ғимараты жанынан ашылып отыр. Балабақша толықтай жабдықталып, білікті мамандар еңбек етпек. Қазіргі таңда Арқалық қаласында балабақша кезегінде 633 бала тұр.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 2025 жылға дейін алты жасқа дейінгі балалар мектепке дейін тәрбиелеу және оқытумен 100% қамтамасыз ету қажеттігін айтқан болатын. Бұл мәселені шешу үшін алдағы жылы қаламызда жаңа балабақша бой көтереді деген жоспар бар»,-дейді қалалық мәслихат төрағасы Гүлбану Төкенқызы құттықтау сөзінде.
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
24 июля в селе Денисовка прокуратура района вместе с отделом соцзащиты провели очередную правовую акцию.…
На въезде в районный центр ведется строительство 18 новых двухквартирных жилых домов общей площадью 2…
В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…
Это стало возможным благодаря победе на международном конкурсе в Актау. (далее…)
В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…
О Пресногорьковской железнодорожной станции Казахстанских железных дорог, которая находится в северо-восточной части Узункольского района, мало…
This website uses cookies.