Тарихи таңдау: Жангелдин ауданының әкімі дауыс берді

 Тұңғыш рет өтіп отырған Құрылтай сайлауында аудан әкімі өз таңдауын жасады.

Бүгін Жангелдин ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл саяси науқанға аудан тұрғындары да белсенді қатысуда.

Жангелдин ауданы бойынша барлығы 23 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Аудан әкімі сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

«Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет өтіп отырған Құрылтай сайлауы – азаматтардың ел болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды мүмкіндік. Өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындадым. Әрбір тұрғынның дауысы маңызды деп есептеймін», – деді аудан әкімі.

Аудан басшысы тұрғындарды сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық құқықтарын пайдалануға шақырды.

Шұға Қоңқабай


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2