Тасқыннан зардап шеккен оқушылардың алғашқы легі Алматыға аттанды

 Кеше Алматы қаласының «Бөбек» республикалық балаларды оқыту-сауықтыру орталығына қаланың Қызылжұлдыз және Екідің ауылдарының 3-4 сынып оқушыларынан 10 бала аттанды. Оның алтауы Қызылжұлдыз ауылынан, үшеуі Екідің ауылынан. Бір бала көршілес Аманкелді ауданынан жіберілді.

«Өңіріміздің оңтүстік өңірінде су тасқынынан зардап шеккен 60 оқушы оқыту-сауықтыру орталығына жіберілуде. Оқушылар демалыс орындарында оқудан қол үзбей, ойын-сауық бағдарламаларына қатысып, емдеу-сауықтыру процедураларынан өтіп 20 күн бойы демалады», – дейді Арқалық қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлнұр Тұрғынқызы.

Павлодар облысының «Жас дәурен» сауықтыру орталығына қаладан тағы 27 оқушы аттанады. Оның 23-і Қызылжұлдыз ауылынан, төртеуі Екідің ауылынан.

Гүлнұр Тұрғынқызының айтуынша, оқушылардың лагерге баратын жолдамасы мен жол жүру ақысы тегін.

Айта кету керек, бұған дейін бұл балалар мектеп киімімен, оқу құралдарымен қамтылып, қалада білімдерін үздіксіз жалғастырып келген еді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31