Торғай тұрғындарын алаяқтар алдай алмайды немесе қазақ тілі жаңа қылмыс түрлерімен күресте қалай көмекші құралға айналды

Жангелдин ауданында жыл басынан бері бірде-бір интернет алаяқтық фактісі тіркелмеген.

Мұның сыры неде? Тұрғындарды қаскөйлердің құрбаны болудан не сақтап отыр? Осы жөнінде Жангелдин ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айбат Әбдірмен сұхбат құрдық.

– Айта кету керек, біздің өңірде криминогендік жағдай бақылауда. Құқық бұзушылыққа бейім азаматтардың бәрін білеміз, олармен күнделікті профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда интернет-алаяқтық көбейіп келеді. Қаскөйлер жаңа технологияларды, интернет пен әлеуметтік желілерді пайдаланады. Біздің өңірде де интернет жақсы дамыған, барлық ауылдарда дерлік байланыс мұнаралары орнатылған.

Өздеріңіз білетіндей, интернет-алаяқтық – бұл интернет (әлеуметтік желілер, электрондық пошта, сайттар) арқылы алдау жолымен ақша немесе деректерді иемдену. Негізгі тәсілдерге фишинг (жалған сайттар), «полиция» немесе «банк қызметкерлері» атынан қоңырау шалу, жалған инвестициялық ұсыныстар, сондай-ақ deepfake сияқты жасанды интеллект технологияларын пайдалану жатады. Негізгі мақсат – адамды өз еркімен ақша аударуға немесе жеке мәліметтерін беруге көндіру.

Көбіне алаяқтар банктердің қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының атынан хабарласып, азаматтарды несие алуға немесе өз қаражатын күмәнді шоттарға аударуға мәжбүрлейді. Сондай-ақ алдын ала SMS хабарламалар жіберіп, түрлі сылтаумен (жеткізу қызметі, кезек, т.б.) код сұрайды. Егер азамат сол кодты айтса, алаяқтардың құрбанына айналады.

Ал біздің өңірдің тұрғындары мұндай айлаға түспейді. Оның сыры қарапайым – халықтың 99 пайызы мемлекеттік тілде сөйлейді. Көп жағдайда алаяқтар орыс тілінде хабарласады (тәжірибе көрсеткендей, олар көбіне Украина мен Ресейден қоңырау шалады). Сол кезде біздің тұрғындар қазақ тілінде жауап беріп, өтінішін қайталауын сұрайды. Әрине, алаяқтар қазақ тілін түсінбегендіктен, әңгімені жалғастыра алмай, телефонды қоя салады.

Міне, алаяққа алданбаудың бір сыры осында. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізеді. WhatsApp топтарына бейнероликтер жібереміз, интернет-алаяқтық туралы түсіндіреміз, «жеңіл ақша болмайтынын», бейтаныс сайттарға инвестиция салуға болмайтынын ескертудеміз.

– Дегенмен, өңірде қандай қылмыс түрлері кездеседі?

– Халықтың 80 пайызы мал шаруашылығымен айналысады, сондықтан қылмыстардың көбі осы салаға байланысты. Жыл басынан бері сегіз қылмыс тіркеліп, барлығы ашылды. Оның ішінде біреуі – мал ұрлығы, екеуі – киікке заңсыз аңшылық жасау, сондай-ақ тұрмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтар бар. Соңғылары көбіне алкогольдік ішімдік ішу салдарынан орын алады. Қазір осы бағытта да жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Үш ауылдық округ дүкендері алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты. Ауылдар арасындағы қашықтық кемінде 50 шақырым болғандықтан, ішімдік алу оңай емес. Ал алкогольден бас тартқан Шилі, Көлқамыс және Милісай ауылдарында тіпті әкімшілік құқық бұзушылықтар да тіркелген жоқ.

– Айбат Бауыржанұлы, биыл жазда «Орталық–Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталады. Бұл – Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы батыс өңірлермен жалғайтын ірі жоба. Мыңнан астам жұмысшы келеді деп күтілуде. Полиция мұндай жүктемеге дайын ба?

– Иә, біз бұған тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Жалпы, аудан арқылы өтетін көлік саны да артады, шамамен екі мыңға дейін жетеді деп күтілуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол-патрульдік полиция взводы қызмет атқарады. Ауданға кіреберіс жолға бес жылдамдық өлшегіш құрылғысы орнатылады. Аудан орталығында 74 бейнебақылау камерасы қойылады. Сонымен қатар шағын жедел басқару орталығының құрылысы басталды. Бұл жұмыстарға қаражат облыстық бюджеттен бөлінген.

– Демек, лудомания немесе адам саудасы сияқты қылмыстар да жоқ деген сөз ғой?

– Солай. Біз жоғарыда айтқандай, әр тұрғынды жақсы білеміз. Ауданда 10 мыңнан асатын халық тұрады. Дегенмен, адамдар Қазақстанның басқа қалаларына барып-келіп жүреді, сондықтан біз оларды мұндай қауіптер туралы үнемі хабардар етіп отырамыз. «Хабардар адам – қаруланған адам» деген сөз бар.

Лудоманияның (құмар ойынға тәуелділіктің) алдын алу үшін мәселені дер кезінде түсіну, ойындарға қолжетімділікті шектеу (аккаунттарды бұғаттау), балама хоббилер табу, қаржылық бақылау және психологиялық көмек маңызды. Жастарға құмар ойындардың зиянын түсіндіреміз, сыни ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлеміз, ойын ішіндегі төлемдерді бақылауды үйретеміз.

Ал адам саудасына қатысты айтар болсақ, Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл заң осындай қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуді, сондай-ақ құрбандарды қорғау мен әлеуметтік қолдауды кешенді түрде реттейді.

Тұрғындарға адам саудасының белгілерін, кең таралған тәсілдерін, сондай-ақ сақтану шараларын түсіндіреміз. Ең бастысы, әр адам мұндай қылмыстың құрбаны болуы мүмкін екенін түсінуі керек. Сондықтан әрдайым сақ болып, өз құқықтарын біліп, айналада болып жатқан жағдайларға бейжай қарамау қажет.

-Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан – Александра СЕРГАЗИНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

За три года в Камыстинском районе ввели в эксплуатацию 8 тысяч квадратных метров жилья

Как отмечает аким района Ерлан Жаулыбаев достижение показателей обеспечено за счет строительства индивидуального жилья и…

8 минут назад

Білім жарысында – жанкелдиндіктер алда

Үш номинация да белсенділік танытты. (далее…)

50 минут назад

Қамысты: малшылар еңбегі елене ме?

Мал соңында жүргендерге әлеуметтік қолдау артуы мүмкін. (далее…)

5 часов назад

«Өнеріміз саған, Қазақстан!» – праздник творчества и единства прошел в Аулиеколе

В Аулиекольском районе состоялось яркое культурное событие - XXXVIII областной фестиваль народного творчества и художественной…

5 часов назад

Как живут жители села Колкамыс, который в 2022 году пострадал от наводнения?

Село Колкамыс от Костаная находится в 600 км, от районного центра Торгай - в 80…

24 часа назад

This website uses cookies.