Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман.

Өрт сөндіруші мамандығы – батылдық пен сабырлылықты, темірдей тәртіп пен жоғары жауапкершілікті талап ететін қызмет. Мұнда әрбір дабыл – шұғыл әрекетке дайын болу, әрбір шақырту — адам өмірін қорғау жолындағы жауапты міндет. Осындай сындарлы сәттерде өз ісіне адалдық танытып келе жатқан азаматтардың бірі –Қосылбай Жұмабекұлы Құтмағанбетов.

Жангелдин ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің № 27 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып қызмет атқаратын азаматтық қорғау старшинасы Қосылбай Құтмағанбетовтің еңбек жолы 2000 жылдың желтоқсанында басталған. Әскери борышын 1998–2000 жылдары өтеген ол елге оралған соң өмірін халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жауапты мамандықпен байланыстырды.

Содан бері оның қызметтік жолында қаншама кезекшілік, қаншама дабыл мен шұғыл әрекетке дайындық сәттері өтті. Өрт сөндіру қызметінде тәжірибе жылдармен өлшенгенімен, оның шынайы құны қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, міндетті мінсіз орындаудан көрінеді.

Жүргізуші қызметі де айрықша жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені төтенше жағдай кезінде өрт сөндіру техникасының оқиға орнына уақытылы жетуі — құтқару жұмыстарының маңызды бөлігі. Мұнда жолдағы мұқияттылық, техниканы жетік меңгеру, жинақылық пен сабырлылықтың маңызы зор.

Қосылбай Жұмабекұлы үшін ең үлкен мақтаныш — адамдарға көмектесу және олардың қауіпсіздігін қорғауға үлес қосу. Оның түсінігінде, таңдаған мамандыққа адал болу дегеніміз — өз міндетіңді күн сайын жауапкершілікпен атқарып, қандай жағдай болса да қызметтік борышыңды бірінші орынға қою.

Мұндай қызметтің оңай еместігі белгілі. Кезекшілік кезінде әрдайым сақадай сай болу, тәртіпті сақтау және әріптестермен үйлесімді жұмыс істеу қажет. Өйткені төтенше жағдай кезінде бір адамның қырағылығы мен бүкіл ұжымның бірлігі шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Қызметтегі жауапкершіліктің салмағын сезіне жүріп, Қосылбай Жұмабекұлы отбасының қолдауын ерекше бағалайды. Жақындарының сенімі оған күш беріп, кәсіби міндеттерін абыроймен атқаруына демеу болады.

Ұзақ жылғы еңбек тәжірибесін жинақтаған азамат жас қызметкерлерге де айтары бар. Оның пайымынша, ең алдымен таңдаған мамандығыңа адал болып, білім мен кәсіби шеберлікті үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі құтқарушының жұмысы тек күш-жігерді ғана емес, тиянақтылықты, біліктілікті және адам тағдырына деген жауапкершілікті талап етеді.

Өрт сөндіру қызметінде әр күннің өз сынағы, әр шақыртудың өз жауапкершілігі бар. Сондықтан бұл салада тәжірибе мен тәртіптің қатар жүруі аса маңызды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынды

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

Денисовтық балақай республикалық жарыстан олжалы оралды

№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…

21 минута назад

В Аулиекольском районе перевыполнен план по занятости населения

Карьерный центр подвел итоги работы и обозначил задачи на следующий год. (далее…)

1 час назад

Ученица из Узункольской школы достойно представила Костанайскую область в Республике

В предпраздничную неделю в Президентском центре УДП РК подведены итоги ежегодного республиканского литературного конкурса «Х…

3 часа назад

Денисов ауданында медицина салысы жаңғыруда

Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде…

3 часа назад

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

4 часа назад

Қамыстыда қоқыс шығаратын жеке кешен іске қосылды

Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.