№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.
Болашақ балуан деуге болады. Ол жақында еркін күрестен өткен республикалық жарыста 29 келі салмақ дәрежесінде, 8–9 жас аралығында І орын иеленді. Үлкен додада шеберлігі мен қайсарлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Мағжан республикалық жарыста тұтастай облыстың атын асқақтатып келді. Жаттықтырушысы Әділхан Маденов дүбірлі додада бәсеке жоғары болғанын айтты. Соған қарамастан батыр бала қарсыластарын жығып, биіктен көрінді.
Мағжан Тайжанұлы еркін күрес үйірмесіне үзбей қатысып, жаттығуларда үлкен ынтамен дайындалады. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Осындай жетістіктерге жетуіне отбасындағы тәрбиенің, ұстаздарының қолдауының және өз еңбегінің ықпалы зор.
-Ол мектебіміздегі үздік оқушылардың бірі. Сабаққа жауапкершілікпен қарайды, тәртібімен және үлгілі мінезімен өзгелерден ерекшеленеді. Спортқа қызығушылығы жоғары. Білімге де құштар. Әртүрлі жарыстарға қатысу арқылы құрдастарына үлгі болып жүр. Біз оның болашағынан үлкен үміт күтеміз. Мағжанға алдағы уақытта да білім мен спортта биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата берсін деп тілейміз, деді сынып жетекшісі: Сандуғаш Қали.
Спорты балақай №3 Денисов жалпы білім беретін мектебінде 1-сыныптан бастап білім алып келеді. Көпбалалы отбасындағы үшінші перзент. Бауырларының да мақтанышы. Күрестен 1 жыл 5 айдың ішінде үш белбеуі, 5 кубок, қырықтан астам медаль алып үлгерді. Спорттан бөлек ән айтып, би билегенді жақсы көреді. Мектептің шығармашылық үйірмелеріне, мәдени іс-шараларына белсенді қатысады. Жан-жақты баланы ұстаздары да ерекше бағалайды. Ел ертеңі осындай алғыр балалардың қолында деп білеміз.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді жолдаған Сандуғаш Қали.
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Карьерный центр подвел итоги работы и обозначил задачи на следующий год. (далее…)
В предпраздничную неделю в Президентском центре УДП РК подведены итоги ежегодного республиканского литературного конкурса «Х…
Денисов ауданында медицина ұйымдарының техникалық-материалдық базасын нығайту жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі халықпен есептік кездесуінде…
Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр. (далее…)
This website uses cookies.