Торғайда «Алпамыс батыр» жыры бойынша аудандық байқау өтті

Жангелдин ауданында «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы аясында жас жыршылар бақ сынады.

Торғай өңірінде ұлттық рухты жаңғыртуға бағытталған «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы аясында «Алпамыс батыр» жырының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға аудан мектептерінен іріктелген 43 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Қатысушылар қазақтың көрнекті эпикалық мұрасы – «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, көркем оқу шеберлігімен қатар сахна мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқаудың ашылу салтанатында Жангелдин ауданы білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол аудан оқушыларының жетістіктерін атап өтіп, мұндай рухани байқаулардың тәрбиелік мәні зор екенін жеткізді.

Қазылар алқасының құрамында білім беру саласының білікті мамандары жұмыс жасап, қатысушылардың өнеріне әділ бағасын берді. Байқау нәтижесінде 9 оқушы үздік деп танылып, арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

І орын мен облыстық кезеңге жолдаманы Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы Айару Бұқарбай мен Н.Иванов мектебінің оқушысы Бақытбек Көшімбек иеленді. Жеңімпаздарға 30 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды. ІІ орынды М.Дулатов мектебінің оқушылары Ұлпа Бегалы, Замира Төлеген және Н.Иванов мектебінің оқушысы Меруерт Жанайдар жеңіп алып, 20 мың теңгелік сыйақымен марапатталды. ІІІ орын Албарбөгет, Аманкелді, Қаратүбек және Қ.Топаев мектептерінің оқушылары – Айдана Төлеухан, Нұрсезім Айбатқызы, Айару Орынбасар және Әсемай Берікке бұйырып, олар 15 мың теңге көлеміндегі сыйлықтарға ие болды.
Байқау соңында жеңімпаздарды Абай Қасымұлы салтанатты түрде марапаттады.

Жоба аудандық кезеңінің ұйымдастырушысы, білім бөлімінің әдіскері Жанат Карбозқызы байқау туралы өз пікірін былай білдірді.

«Байқау жоғары деңгейде өтті және облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын топтан оза шыққан оқушыларға үлкен сенім артамыз. Алдағы кезеңде толағай табыстар тілейміз», – деді.

Байқау жеңімпазы Бұқарбай Айару да өз әсерімен бөлісті.


«Байқау әділ, әрі жүйелі ұйымдастырылды. Жырдан үлкен үлгі-өнеге алдым. Облыстық кезеңде аудан намысын абыройлы қорғаймын деген сенімдемін. Дайындығымды әлі де күшейтемін. Ұйымдастыру алқасына зор алғысымды білдіремін», – деді.

Ал облыстық кезеңге жолдама алған Айару Бұқарбай:

«11-сыныпта оқып жүргендіктен, мен үшін ҰБТ-ға дайындық та аса маңызды еді. Бір жағынан сабақ, бір жағынан тестке дайындық, ал екінші жағынан Алпамыс батыр сияқты көлемді жырды бір айдың ішінде жаттау үлкен жауапкершілік жүктеді. Кейде шаршау басып, ойымды жинақтау қиын болған сәттер де кездесті. Бірақ мен өз мақсатыма адал болуға тырыстым. Күн сайын аз-аздан болса да тоқтамай, жүйелі түрде жаттап отырдым. Сол үздіксіз еңбектің арқасында жыр менің санамда ғана емес, жүрегімде сақталды деп айта аламын. Тағы бір қиындық сахна алдындағы қобалжу болды. Бірақ мен сол сезімді жеңуге тырыстым. Өйткені бұл тек жарыс емес, өзімді дәлелдейтін мүмкіндік екенін түсіндім. Алдағы облыстық шешуші кезең мен үшін жаңа белес. Мен осы жеткен жетістігіммен тоқтап қалмай, одан да жоғары нәтиже көрсетуге бар күш-жігерімді саламын.», – деп өз ризашылығын жеткізді.

Сымбат КЕНЖЕҒАЛИ
Суреттерді түсірген – автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Денисовском районе проектируют газовые сети для села Гришенка

Долгожданный комфорт и цивилизация приходят в малые населенные пункты Костанайской области. Сделан первый, но самый…

23 минуты назад

В карасуском селе идёт строительство детской развлекательной зоны

Совсем скоро в Павловском появится безопасное место для забав и игр (далее…)

18 часов назад

В районе Беимбета Майлина обсудят новые тарифы на тепло для села Айет

Жителей ожидает публичное обсуждение стоимости коммунальных услуг (далее…)

19 часов назад

Қамыстыда егіс науқаны сәтті аяқталды

Биыл серіктестік 1 460 гектар алқапқа дән септі (далее…)

19 часов назад

В Амангельдинском районе родился жеребенок редкого кулана

Об этом сообщили в Ассоциации сохранения биоразнообразия Казахстана (далее…)

21 час назад

В Аркалыке стартовали Спартакиада и чемпионат области по дзюдо

В спортивном комплексе «Кайрат» стартовали командные соревнования среди мужчин и женщин в рамках XXXIX Спартакиады…

22 часа назад

This website uses cookies.