Торғайда спорт ардагеріне арналған дәстүрлі турнир өтті

 Торғайда Жангелдин ауданының «Құрметті азаматы», спорт ардагері әрі ұлағатты ұстаз Ербатыр Сейтқазыұлы Рахатовты еске алуға арналған ерлер арасындағы дәстүрлі волейбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған жарыста командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Турнирге жиналған спорт сүйер қауым қатысушылардың шеберлігіне куә болды.

Нәтижесінде 1974 жылы туған азаматтардан құралған команда чемпион атанды. 1975 жылғы ойыншылар күміс жүлдені иеленсе, 1969 жылғы команда үздік үштікті түйіндеді. Ал төртінші орын 1971 жылғы азаматтарға бұйырды.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Атап айтқанда, бірінші орын иелеріне 300 мың теңге, екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орын алған командаға 130 мың теңге, ал төртінші орын иелеріне 80 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Сонымен қатар турнирге қатысқан өзге командалар да сый-сияпатқа ие болды.

Турнир барысында ардагер спортшыларға ерекше құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Сондай-ақ 1967 жылғы азаматтар атынан жеңімпаз команда мүшелеріне спорттық киімдер сыйға тартылды.

Бұдан бөлек, жарыс кезінде шебер ойын өрнегімен көзге түскен спортшылар арнайы аталымдар бойынша марапатталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Сымбат Кенжеғали


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2