«Тазару күніне» орай аудан тұрғындары игі іске жұмылды
23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің «Тазару күні». Бұл күн ұлттық экологиялық науқан аясында аталып өтіп, қоғамда қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Наурыз – табиғаттың түлеп, тіршіліктің жаңаратын мезгілі. Ұлыстың ұлы күнімен сабақтас бұл кезең ежелден тазалық пен жаңарудың, ізгілік пен игі істердің бастауы ретінде бағаланып келеді. Сондықтан да «Тазару күні» – айналаны ретке келтіріп қана қоймай, адамдардың ойы мен ісіне серпін беретін ерекше мәнге ие.
Осыған орай, Жанкелдин ауданында кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы алаң қардан тазартылып, айнала ретке келтірілді. Бұл шараға мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Аталған шара тек тазалық жұмыстары ғана емес, қоғамды бірлікке үндейтін, қоршаған ортаны аялауға шақыратын маңызды бастама болды. Тазару күні әрбір азаматқа табиғатты қорғаудың, тазалықты сақтаудың маңызын тағы бір мәрте еске салды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді аудандық ішкі саясат бөлімі ұсынды
К этой ситуации земледельцы Узунколя уже привыкли, потому что понимают: дело имеют с регионом рискованного…
Тұрғындар ұлттық тағамдар мен киіз үйлер көрмесі арқылы мерекенің көрігін қыздыра түсті (далее…)
Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. (далее…)
Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше…
Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды (далее…)
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл шара жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Фестиваль барысында…
This website uses cookies.