Торғайда өткен әдеби байқау оқушылардың жүрегін тебірентті

Жанкелдин ауданы орталығында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ поэзиясының алып тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай аудандық «Мұқағали оқулары» әдеби байқауы өтті.

Іс-шара оқушылардың жас ұрпақ арасында Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ әдебиетіне қызығушылығын арттырып, көркем сөзге деген құрметін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға 7-11 сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы Мұқағали поэзиясындағы терең философиялық ойды көрермен жүрегіне жеткізе білді. Қатысушылар кейбірі өлеңдерді тек жатқа айтып қана қоймай, ақынның ішкі толғанысын жүрекпен сезініп жеткізуге тырысты. Жалпы байқауға аудан мектептерінен отыз оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен он бес оқушы І, ІІ, ІІІ орын иегерлері атанып, дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ оныншы сынып оқушысы Мерей Талғатқызы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 11-сынып оқушысы Жанболат Молжігіт, А.Қоңқабаев атындағы ЖББМ оныншы сынып оқушысы Сабина Құрманғали бірінші орынды өзара бөлісіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Әдеби байқау барысында Жанкелдин ауданы білім бөлімінің қазақ тілі пәнінің әдіскері Жанат Темірова пікір білдірді.
«Мұқағали оқулары – жастардың рухани әлемін байытатын, әдеби талғамын қалыптастыратын тағылымды алаң. Оқушыларымыздың ақын жырын жүрекпен жеткізе білгеніне ерекше қуаныштымын».

Байқау жеңімпазы Аңсаған Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оныншы сынып оқушысы Сабина Құрманғали алған әсерімен бөлісті.
«Мұқағали өлеңдерін оқу үлкен жауапкершілік. Осы байқау арқылы ақын поэзиясын бұрынғыдан да терең түсіне бастадым», – деді Сабина.

Ауданда ұйымдастырылған іс-шара оқушылардың көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, рухани дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Ұлы ақын жырымен сусындаған бұл күн мектеп оқушылары үшін ұмытылмас рухани әсер қалдырды.

«Жалпы, бұл шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Педагогикалық оқылымдар бағытында аудан оқушыларының ынтасы өте жоғары. Өткен оқу жылында республикалық, облыстық деңгейлерде жақсы нәтижелер көрсеттік. Атап айтқанда, былтыр «Мұқағали оқулары» байқауында екі оқушымыз облыстық кезеңде жүлделі орын алып, республикалық кезеңге қатысып, арнайы дипломдармен оралды. Ал Әбіш оқуларына қатысқан оқушыларымыз жүлделі орын алмағанымен, арнайы жүлдемен марапатталды. Осындай педагогикалық оқылымдар бойынша бізде жүйелі, нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Жанкелдин ауданы білім бөлімінің қазақ тілі пәнінің әдіскері Жанат Темірова.

«Мұқағали оқулары» әдемі өрнегімен жиналған жұртшылықты сағыныш болып бір сейілтіп, жабырқай көңілдерін жадыратып тастады.

Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Суреттер аудандық білім бөлімінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Село Сарыколь – визитная карточка степного региона, который из года в год, меняя свой облик на глазах сельчан, становится краше

Только за последние несколько лет в селе Сарыколь появилось огромное количество новых зелёных насаждений: ели,…

4 часа назад

17 июля в селе Златоуст стартует спартакиада Сарыкольского района, посвященная Всемирному дню навыков молодёжи

В селе Златоуст сейчас полным ходом идёт подготовка к предстоящему мероприятию районного масштаба. Стадион за…

1 день назад

Қамыстыда жаңа қоқыс полигоны салынады

«Қамысты» логотипі бар қоқыс контейнерлері қолданысқа енгізілмек. (далее…)

2 дня назад

Вера Яковенко, ветеринарный врач из Узункольского района, заняла в конкурсе «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» второе место

- И это не удивительно, - считает руководитель ГКП «Центр обучения языкам акимата Узункольского района»…

3 дня назад

Ушел из жизни известный журналист Костанайской области Жанузак Аязбеков

Об этом «Нашему Костанаю» только что сообщили родные Жанузака Аязбековича. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.