Торғайда өткен «Музей түні» Ыбырай мұрасы ұлықталды

Халықаралық музейлер күніне орай Торғай өңіріндегі Ы.Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейінде дәстүрлі «Музей түні» мәдени шарасы өтті.

Биылғы шараның ауқымы кең, маңызы ерекше. Себебі бұл кеш қазақ даласына білім нәрін сепкен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойымен және елімізде кеңінен қанат жайған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасымен аясында ұйымдастырылды.

Музей алдына тігілген ақшаңқан киіз үй, ұлттық нақыштағы жасаулар мен салтанатты фанфар дыбысы Торғай аспанын мерекелік күйге бөледі. Кеш шымылдығын Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің бишілер тобы мың бұралған «Қазақ биімен» ашып, жиналған қауымға шашу шашылды. Дәстүрлі рәсімнен соң, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, музей ұжымының ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбегіне жоғары баға берді.

Шараның ең маңызды бөлімдерінің бірі – «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында музей саябағына ағаш отырғызу акциясы болды. Шараға жиналған қауым бір кісідей атсалысып, жас көшеттерді жерсіндірді. Ұйымдастырушылар бұл акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Саябаққа егілген әрбір тал — табиғатты аялаудың белгісі ғана емес, Ыбырай бабамыздың өшпес ағартушылық жолының, келешек ұрпаққа қалдырған жасыл аманатының символы іспеттес.

Кештің көркемдік деңгейін арттырған – «Торғай музейлері кешенінің» қызметкерлері мен Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары дайындаған театрландырылған тарихи көрініс. Көрермендер көз алдында ХІХ ғасырдың тарихи сәттері қайта жаңғырды.

Жас Ыбырайдың қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан сәті, атасы Балқожа би мен нағашысы Шеген бидің ақ батасын беріп, қолдау көрсеткен сәттері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сахна төрінен естілген Шеген бидің рухты батасы мен Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық!» деген жалынды ұраны бүгінгі жас ұрпақтың да жүрегіне жол тартты. Мектеп оқушылары ұлы ұстаздың өлең шумақтарын нақышына келтіре оқып, өнер көрсетті.

Мәдени бағдарлама бұдан әрі әсем әуенмен өрілді. Мадина Оразалина мен Жаңажыл Кемелтаеваның орындауындағы «Арнау» әні, Ләззат Ертасова шырқаған халық әні «Айқаракөз» бен «Киелі Торғайым» туындылары, сондай-ақ Әсел Жангелованың орындауындағы жігерлі «Тек алға!» әні көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, кештің сәнін келтірді.

Мерекелік шараны қорытындылау барысында «Торғай музейлері кешенінің» қор сақтаушысы Ләззат Ертасова сөз алып, музей ісін дамытуға, тарихты түгендеуге үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Кештің соңғы нүктесін музей қызметкерлерінің бірлесе шырқаған рухты «Ыбырай шәкірттерінің маршы» қойды.

Ресми бөлім аяқталғанмен, «Музей түні» мұнымен тоқтаған жоқ. Келген қонақтар түн ортасына дейін музей залдарын аралап, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қатысты бірегей тарихи жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар шара аясында ұйымдастырылған ұлттық ойындар мен викториналық сұрақтар кештің көрігін қыздырып, қатысушыларға танымдық әрі қызықты сәттер сыйлады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер Торғай музейлері кешенінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Денисовском районе изъяли крупную партию нелегальных сигарет

Сотрудники налоговой службы пресекли крупный оборот табачной продукции без учетно-контрольных марок. Из незаконного оборота изъяли…

3 часа назад

Торғайда этно-реалити жобасының жеңімпаздары анықталды

Үш күнге созылған жоба ұлттық спорт, өнер және салт-дәстүрді дәріптеп, үздіктерді анықтады (далее…)

4 часа назад

Қамыстыда оқушыларға трактор жүргізуді мектепте үйретпек

Ауданда агросыныптар ашылып, ауыл балалары мектеп қабырғасынан-ақ болашақ мамандығына дайындала бастады (далее…)

5 часов назад

В Аркалыке ищут подрядчика для ремонта дорог, но работы могут затянуться до холодов

После заключения договора у него будет еще 30 календарных дней на выполнение работ — таким…

6 часов назад

Камыстинка Елена Сырчина превратила свой двор в уютный семейный уголок

Очередная участница районного конкурса  «Лучший дом - лучший двор». Елена Сырчина проживает на улице Журавлева в селе…

7 часов назад

Во сколько в Камыстинском районе обойдутся родителям сборы одного ребенка в школу?

До начала нового учебного года остаются считанные недели. И практически в каждой семье, где есть…

8 часов назад

This website uses cookies.