Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды
Шалғайдағы Ақкөл ауылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ерекше сән-салтанатымен қарсы алды. Ата-бабадан жалғасқан салт-дәстүрді жаңғыртқан ауыл тұрғындары мерекелік алаңға үлкенінен кішісіне дейін жиналып, халық әндерін хормен шырқап келуі көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ақкөл ауылының әкімі Балғабай Қалиевтің айтуынша, биылғы мереке ауыл бірлігінің айқын көрінісіне айналған. Тұрғындар екі көшеге бөлініп, екі ақшаңқан киіз үй тіккен. Оның бірі сегіз қанатты болса, екіншісі он екі қанатты болып, ұлттық нақышта безендірілді.
Мереке барысында далада жер ошаққа ет асылып, Наурыз көже мен күріш пісірілді. Ауыл халқы бір дастархан басына жиналып, ақ дастарханнан дәм татып, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар да кеңінен ұйымдастырылды. Оқушылар мен жастар арасында қазақша күрес, құнан және тай жарыстары өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Басқа да спорттық шаралар кешке дейін жалғасып, ауыл өміріне серпін берді.
Айта кетерлігі, мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне ауыл кәсіпкерлері демеушілік жасап, 350 мың теңге көлемінде қаржы жинап берген. Бұл — ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен елдік рухының жарқын көрінісі.
Осылайша, Ақкөл ауылы Ұлыстың ұлы күнін ұлттық дәстүрмен ұштастыра отырып, мазмұнды әрі тағылымы мол деңгейде атап өтті.
«Наурыз – қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде һәр елде наурыз туғанда мейрам қылып бас асып, қазан-қазан көже істеп, ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп, кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып, көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, құтты наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында һәр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілері тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады. Ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл қайырлы болсын! Жаңа бақыт нәсіп болсын!» деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді».
Ахмет Байтұрсынұлы
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер Балғабай Қалиевтен алынды
Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. (далее…)
Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше…
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл шара жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Фестиваль барысында…
Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)
Коллектив Узункольского управления государственных доходов и в праздничные дни старается совместить приятное с полезным, потому…
Дәмді ауылында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы кең көлемде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып…
This website uses cookies.