Торғайда «Жыл үздіктері – 2026» анықталды

Жанкелдин ауданында балалар мерекесі қалай өтті?

Жанкелдин ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке аясында ауданның ең үздік оқушылары марапатталып, жазғы сауықтыру лагерьлерінің бірінші ауысымы ресми түрде ашылды.

Мерекелік бағдарламалар таңертеңнен бастап аудан орталығы мен барлық елді мекендердегі білім ошақтарында бірыңғай форматта бастау алды. Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық белсенділігін арттыру мақсатында концерттер, қолөнер байқаулары, спорттық жарыстар мен көңілді эстафеталар ұйымдастырылды.

Шараның ең салтанатты сәті — оқу озаттары мен түрлі байқаулардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілген «Жыл үздіктері – 2026» шеруі болды. Олардың қатарында Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер Аружан Ғалымжан да бар.

Аружан – республикалық «Мұқағали оқулары», «Махамбет оқулары» және «Әбіш оқулары» байқауларының қатысушысы, облыстық деңгейдегі бірнеше шығармашылық сайыстың жеңімпазы.

-«Жыл үздігі – 2026» шеруінде ауданымыздың үздік оқушыларымен бірге сахна төрінен орын алу – мен үшін үлкен мақтаныш. Бұл – табандылықтың, үздіксіз ізденістің және тынымсыз еңбектің нәтижесі. Жетістіктеріме жету жолында маған бағыт-бағдар берген ұстазымның еңбегі ерекше», – деп қуанышымен бөлісті Аружан Ғалымжан.

Мерекемен қатар өңірдегі оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары да қарқын алды. Аудан бойынша 19 мектептің жанынан арнайы сауықтыру алаңдары ашылды. Үш ауысым бойынша жаз бойы жалпы саны 794 оқушы лагерьлерде демалады. Балалардың демалысы мен қауіпсіздігіне 131 маман жауапты. Тәрбиелік, спорттық, интеллектуалдық және мәдени іс-шаралар кешені әзірленген.

Жанкелдин ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Әсем Серікбаеваның айтуынша, басты мақсат – мерекені жоғары деңгейде атап өту ғана емес, балалардың демалысын қызықты әрі қауіпсіз ету. Лагерьлерде техникалық қауіпсіздік пен санитарлық талаптардың сақталуына ерекше бақылау орнатылған, сонымен қатар арнайы үйірмелер мен тренингтер жүргізіледі.
Мерекелік күннің шырықтау шегі кешкі уақытта балаларға арналған арнайы би кешімен аяқталды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер Жанкелдин ауданы білім бөлімінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе выделили свыше 13 миллионов тенге на строительство учебно-тренировочной башни для спасателей

В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)

5 часов назад

В Камыстинской районной больнице продолжают привлекать молодых специалистов

Когда в реанимации звучит сигнал монитора, у врача нет времени на долгие раздумья. (далее…)

9 часов назад

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

1 день назад

Қамыстыда медицина мамандарына баспана беріліп, мұғалім тапшылығы шешіліп жатыр

Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…

1 день назад

В Камысты жители могут бесплатно заниматься на тренажёрах, играть в волейбол и мини-футбол

В недавно открытом спорткомплексе «Камысты Арена» уже собираются любители активного отдыха. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.