Жанкелдинде 700-ден астам оқушы жазғы лагерьмен қамтылады

Жангелдин ауданында 2026 жылғы жазғы сауықтыру науқаны аясында оқушылардың демалысын ұйымдастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл аудан бойынша жүздеген бала республикалық деңгейдегі орталықтарда, облыстық лагерьлерде және мектеп жанындағы алаңдарда демалады.

Жангелдин ауданы білім бөлімінің басшысы Абай Қасымовтың айтуынша, балалардың жазғы уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізу – басты назарда.

«Біздің негізгі мақсатымыз – балалардың денсаулығын нығайтып, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыруға қолайлы жағдай жасау. Осы ретте аудан бойынша 19 мектеп базасында жазғы сауықтыру алаңдары ұйымдастырылып, олар 3 ауысымда жұмыс істейді. Жоспар бойынша 719 оқушы демалыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, 6 мектепте балаларды сапалы ыстық тамақпен қамтамасыз етуді қарастырдық. Осы жұмыстардың басы-қасында 131 білікті педагог болады», – деді Абай Қасымов.

Білім бөлімі басшысы биылғы маусымда әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалар мен ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

«Мемлекеттік тапсырыс аясында биыл жазда ерекше білім беру қажеттілігі бар 6 бала ата-анасымен бірге «Хатико» орталығына демалуға барады. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне өте пайдалы. Сондай-ақ, Қостанай облысындағы «Орленок» жазғы сауықтыру орталығымен арнайы келісімшарт жасастық. Маусымның 12-сі мен 21-і аралығында аудан мектептерінен 100 оқушы осы лагерьде демалады. Іріктеу кезінде әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға басымдық берілді», – деп толықтырды ауданның бас ұстазы.

Айта кетейік, жангелдиндік оқушылар жыл басынан бері республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталықтарында өткен көшбасшылар ауысымына, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған шығармашылық фестивальге және «Ғылымға алғашқы қадам» форумына қатысып үлгерген. Одан бөлек, жаз айларында тағы 50 оқушы үшін Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы мен Амангелді ауданындағы туристік кешенге арнайы өлкетану экскурсиялары ұйымдастырылады.

Білім бөлімі балаларды тасымалдау және орналастыру барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық бақылауда болатынын мәлімдеді.

Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ
Суреттер Жанкелдин ауданы білім бөлімінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Боровском начали тестирование системы из 72 камер и пяти скоростемеров

Новые устройства разместили в наиболее оживленных и потенциально опасных участках районного центра, но на сегодняшний…

57 минут назад

Қамыстыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 384 абаттандыру кемшілігі жойылды

Қамысты ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша…

2 часа назад

Науырзымда жаңа баспанаға жол ашылды

Тұрғын үй мәселесі – халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі.…

3 часа назад

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

6 часов назад

Денисов ауданының жұмыспен қамту деңгейі артып келеді

Жыл басынан бері Денисов ауданы аумағында 46 адам қоғамдық жұмыстарға орналасқан (далее…)

7 часов назад

This website uses cookies.