Қуанышқа толы қоныс: Науырзымда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Астана күні қарсаңында Науырзым ауданында қуанышты оқиға орын алды – жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер кілттері тұрғындарға салтанатты түрде табысталды.

Бұл игі бастама аудан тұрғындарының баспаналы болуына мүмкіндік беріп, әлеуметтік маңызы зор жобалардың бірі ретінде жүзеге асты.

2025 жылы жалпы ауданы 1 156 шаршы метрді құрайтын, 25 пәтерден тұратын көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға сатып алынған болатын. Оның құрамына 21 бір бөлмелі, 2 екі бөлмелі және 2 үш бөлмелі пәтер кіреді. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындардың баспанаға деген қажеттілігін қамтамасыз етіп, өмір сүру сапасын жақсарту.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың шілде айында басталып, қараша айында толық аяқталды. Құрылыс жұмыстарын «Қайырғожа и К» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 366 миллион теңгені құрады.

Жаңа тұрғын үй барлық қажетті инженерлік коммуникациялармен толық қамтамасыз етілген. Әрбір пәтерде жеке су жылытқыштары орнатылып, жуынатын бөлме мен душ қарастырылған. Сонымен қатар, тұрғындардың қолайлы тұрмыс кешуі үшін барлық инженерлік желілер толық жүргізілген.

Үйдің ішкі әрлеу жұмыстары заманауи құрылыс материалдарын пайдалану арқылы орындалды. Кіреберістер, дәліздер мен баспалдақ алаңдарының едендері керамикалық плиткалармен қапталып, сенімді металл есіктер орнатылған. Сондай-ақ пәтерлер мен ортақ пайдаланылатын орындар сапалы әрленген.

—Бүгін отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн болды. Көптен күткен баспанамыздың кілтін алып, үлкен бақытқа кенеліп отырмыз. Бұл – балаларымыздың болашағы үшін жасалған үлкен қолдау. Осындай игі бастаманың арқасында өз шаңырағымызға қол жеткіздік. Бізге қамқорлық танытып, тұрғын үймен қамтамасыз етуге үлес қосқан аудан басшылығына және осы іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Әрбір отбасының шаңырағы шаттыққа толып, осындай қуанышты сәттер көп болсын!» – дейді көпбалалы ана Нұргүл Искакова.

Жаңа баспана кешені тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне қойылатын заманауи талаптарға толық сай келеді. Астана күні қарсаңындағы бұл игі іс аудан тұрғындары үшін ерекше тарту болып, көптеген отбасылардың көптен күткен қуанышына айналды.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
СУРЕТТЕРДІ ТҮСІРГЕН АВТОР

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Сельский фельдшер из Новосёловки Аулиекольского района занесена в Золотую книгу Казахстана

Есть профессии, значение которых невозможно измерить должностными инструкциями и количеством рабочих часов. (далее…)

1 час назад

Село Сарыколь – визитная карточка степного региона, который из года в год, меняя свой облик на глазах сельчан, становится краше

Только за последние несколько лет в селе Сарыколь появилось огромное количество новых зелёных насаждений: ели,…

20 часов назад

17 июля в селе Златоуст стартует спартакиада Сарыкольского района, посвященная Всемирному дню навыков молодёжи

В селе Златоуст сейчас полным ходом идёт подготовка к предстоящему мероприятию районного масштаба. Стадион за…

2 дня назад

Қамыстыда жаңа қоқыс полигоны салынады

«Қамысты» логотипі бар қоқыс контейнерлері қолданысқа енгізілмек. (далее…)

3 дня назад

Вера Яковенко, ветеринарный врач из Узункольского района, заняла в конкурсе «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» второе место

- И это не удивительно, - считает руководитель ГКП «Центр обучения языкам акимата Узункольского района»…

4 дня назад

This website uses cookies.