Жангелдин ауданы Қалам – Қарасу ауылдық округінде тұщытылған су қондырғысы ашылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қалам-Қарасу ауылдық округындағы тұщытылған су қондырғысының ашылу салтанаты болды

Аудан әкімі Шота Оспанов ауыл тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Көптен күткен елдің қуанышын бөлісті.

-Елдегі ағайын ешқайда қоныс аудармай шаруашылықпен айналысып отыратын болса, мемлекет тарапынан қолдау болады. Ал, егер халық саны аз болатын болса кейбір жоспарлаған шаруашылықтарымыз жүзеге аспай қалу мүмкін. Көп жылдан бері шешімін таппай келген мәселелер жүзеге асып жатыр. Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жетерлік. Оның ішінде ауылдық жерлерге. Алдағы жылы Шұбалаң ауылының бұрылысынан бастап, Көкалат – Аралбай ауылының бұрылысына дейін асфальт жабындысы төселеді деп жоспарлап отырмыз. Осының барлығы ел игілігі үшін, – деді аудан әкімі.

Ауыл тұрғыны Марат Темірғалиев елдің атынан алғысын білдіріп, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі. Аталған су қондырғысы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Оның құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 171 млн 575 мың теңге қаржы бөлінген. Бас мердігер Жезқазған қаласындағы “Дәнекер” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауызсуды өзеннен тасып ішті. Енді ол қиындықтан арылды. Ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру жиынында айтылған ұсыныс – пікірлердің бірі осы су мәселесі еді. Бұныңда шешімі табылып, нүктесі қойылды. Алдағы уақытта жергілікті халық “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасын қайта жаңғыртып, ел перзенттері “Туған жерге тағзым” жобасын қолға алып, ауылды көркейтеді деген сенімдеміз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31