Азаматтық белсенділік – ел дамуының маңызды тетігі.
Бүгін, 29 қарашада, Қостанай облысының Жангелдин ауданында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Саяси науқан аясында аудан бойынша 23 сайлау учаскесі жұмыс істеп, дауыс беруге құқығы бар 5 мыңнан астам азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген.
Таңғы сағат 07:00-де есігін айқара ашқан сайлау учаскелері тұрғындарды қабылдауда. Аудан халқы өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, жергілікті өкілді органның құрамын жасақтауға өз үлестерін қосуда.
Сайлау – азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге араласуына, жергілікті басқару жүйесіне ықпал етуіне мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс. Өйткені мәслихат депутаттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылап, тұрғындардың мүддесін қорғауда маңызды рөл атқарады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге айрықша мән беріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір сайлаушының таңдауы – қоғамның дамуына қосылған үлес.
Қазіргі уақытта Жангелдин ауданындағы барлық 23 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Жители активно приходят на избирательные участки района. (далее…)
Бүгін, таңғы 07:00-де Сарыкөл ауданындағы барлық сайлау учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады. (далее…)
Бүгін, 29 қарашада, Қостанай қаласының тұрғындары қалалық мәслихат депутаттарын сайлау үшін дауыс береді. 20 сайлау…
С раннего утра в выходной, ровно в 7:00, по всему Узункольскому району распахнули свои двери…
Дала төсінде тер төгіп, төрт түліктің бабын жасап, туған жердің өркендеуіне үлес қосып жүрген еңбек…
В Жастар сарайы сегодня, 27 ноября, состоялось праздничное мероприятие, посвященное Дню работников сельского хозяйства, пищевой…
This website uses cookies.