Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион теңгені құрайтын нысанды кәсіпкер Алуа Шармұхамбетова қараша айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалған.
Кәсіпкердің айтуынша, жол бойынан дәмхана ашу бастамасы болашақта осы аумақтан магистральдық жол өтетіні ескеріліп қолға алынған. Жер телімін конкурс арқылы алған ол құрылыс жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізіп келеді.
Жобаға кәсіпкер шамамен 50 миллион теңге жеке қаражатын салған. Сонымен қатар су тасқыны кезінде мемлекет тарапынан берілген 23 миллион теңге көмек те нысан құрылысын жалғастыруға жұмсалған.
Құрылыс материалдары Қостанай мен Астана қалаларынан жеткізілген. Ал құрылыс жұмыстарына кәсіпкердің туған-туыстары қолғабыс етіп жүр. Дәмхана іске қосылған соң аспазды да жергілікті тұрғындар арасынан жұмысқа алу жоспарланған.
– Алғашында шағын дәмхана ашуды ойлаған едік. Қазір құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Алғашқы кезеңде келушілерге тәулік бойы ыстық тамақ ұсынуды жоспарлап отырмыз. Егер сұраныс артып, жұмысымыз алға басса, алдағы уақытта қызмет түрлерін де кеңейткіміз келеді, – дейді кәсіпкер Алуа Шармұхамбетова.
Жаңа нысан іске қосылғанда жол бойындағы жолаушыларға қолайлы қызмет көрсетіліп қана қоймай, ауыл тұрғындары үшін де жұмыс орындары ашылмақ. Бұл бастама Тәуіш ауылының кәсіпкерлік әлеуетін арттырып, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер ауыл әкімінен алынды
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
Записаться на личный прием можно через портал e-Otinish или по телефону 50-57-84. По этому же…
Их наградили 29 октября в Костанае ко Дню опекуна и 10-летию Национального агентства по усыновлению.…
This website uses cookies.