Жанкелдин ауданы, Қалам-Қарасу ауылына асфальт төсеу жұмыстары басталды

Ауылға көңіл бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру және ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында, сондай – ақ облыс әкімінің жұмыс жиынында берілген нақты тапсырмаларға сәйкес, Қалам-Қарасу ауылының кіреберіс жолына асфальт жабындысын төселіп жатыр.

Қазіргі уақытта ауыл, ауылдық округтердің арасында бәсекелстік артып келеді. Кезінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» жобасы бойынша бірқатар ауылдың замана көшіне ілесіп, даму үрдірсін жолға қойған еді. Сол уақытта кейбір шағын ауылдар көш соңында қалып, әлеуеті мен экономикасы құлдырап, жергілікті тұрғындардың басқа жаққа қоныс аударуына себепші болды. Бірақ, әйтеуір қаңырап бос қалған елді мекендер болған жоқ. Соған да шүкір деп қуандық. Ал, бүгінгі күні ауылдарда инфрақұрылым жұмыстары жанданды. Туған жердің перзенттері ауылдың дамуына үлес қосып жатыр. Оның сыртында республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, ауылдарға көңіл бөлінуде. Солардың қатарында Қалам – Қарасу ауылдық округі де бар. Мәселен, ауылдың кіреберіс көтерме жолына асфальт жабындысы төсеу құрылыс жұмыстары қарқын алды.

«Аталған жол учаскесі 700 метрді қамтиды. Бұл- ауыл тұрғындары үшін аса маңызды бағыт, өйткені күнделікті қозғалыстың негізгі бөлігі осы жол арқылы жүзеге асады. Жобаның жалпы кұны 49 591 748 теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын тәжірибесі мол мердігер ұйым «ЛидерСтрой 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға, сондай-ақ, ауыл инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз», – дейді округ әкімі Берік Мұхамбедин.

Құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытылы аяқталса, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз жол инфрақұрылымы қолжетімді болады деген үміт бар.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Сегодня в селе Караменды Наурзумского района состоялось торжественное мероприятие – День работников сельского хозяйства

Этот торжественный день аграрии с нетерпением ждут весь год, чтобы подвести итоги сельскохозяйственного года и…

11 часов назад

Қостанайда өткен әуесқой хоккей лигасында

Қамысты командасы сәтті өнер көрсетті (далее…)

11 часов назад

В Новонежинке живет женщина, у которой детская мечта так и не ушла вместе с возрастом

Пенсионерка Нина Чопова просто решила однажды - пора воплощать идеи в реальность. (далее…)

11 часов назад

Инженер Евгений Матаев из Новонежинки о профессии, которой посвящена жизнь

В ТОО «Кайсар-Агро» знают: если что-то сломалось, если требуется совет, помощь или просто надежное плечо…

12 часов назад

В селе Троебратское Узунколького района стало светлее

Село Троебратское Узункольского района, что на границе с Северо-Казахстанской областью, считается окраиной. (далее…)

12 часов назад

This website uses cookies.