Жанкелдин ауданы Саға ауылындағы алаш арысының кесенесіне өнер адамдары тағзым жасады

Жүйелі жоба жалғасын табуда

Кызбел ауылында қарға тамырлы қазақ үшін, айбарлы алты алаш үшін жанын қиған асыл арыстарымыздың бірі – Міржақып Дулатұлына арналған «Алаш ардақтысы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

«Ауыл және мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылған іс – шараға мәдениет саласына қарасты аудандық мәдениет үйі мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен ауылдық клуб, кітапхана қызметкерлері қатысты. Өнер адамдары М.Дулатұлының кіндік қаны тамған «Асқар күзегіне» ат басын бұрып, тарихи танымдық жорыққа саяхаттады. М.Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі Жәнібек Есімсері алаш арысы жайлы кеңінен мағұлұмат берді.

«Темір шеңгелді жалмауыз жүйенің маңдайға тиген қатты соққысынан қалың ұйқыға кеткен қаймана халықтың есін жинап, еңсесін көтерту үшін шыбын жанын шүберекке түйген тұлғаның өмір жолы өте қиын болды. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып, бозторғайдай шырылдап, жанына маза бермеді. Солақай саясаттың кесірінен талай опық жеді. Темір торға қамалды. Жазықсыз жазаланды. Қазақ халқы үшін қиындықты еңсеріп, қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.Қоғам қайраткері атанды. Ұрпағына баға жетпес асыл қазына қалдырып кеткен Міржақып атамыз мәңгілік жадамызда сақталу керек», – деді ол өз сөзінде.

Шалғайдағы Бидайық ауылында алаш арысының құрметіне арналған кесене мен мұражай бар. Оның сыртында Бақберген Қасымұлының демеушілігімен ескерткіш тақта орнатылды. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» сөзін ұстанған мәдениет саласының қызметкерлері Міржақып атамыздың рухына дұға бағыштап, тағзым етті. Мұражайдың ғылыми қызметкері, шырақшы Нағашыбай Бірмановпен жүздесіп, дөңгелек үстел басында тағылымды әңгіме өрбіді. Жыл сайын мұражайдың маңайын тазалап, үнемі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап, тазалғына мән беріп отыратын шырақшыға ауыл халқы дән риза. Өнер ұжымдары Нағашыбай Аралұлына шексіз алғыстарын білдірді. Бидайық мектебінің өнерлі оқушылары концертік бағдарламаларын тарту етті.

Саға ауылында «Алаш ардақтысы» атты әдеби кеш кітап көрмесінің ашылу салтанатынан бастау алды. ауыл кітапханашысы Міржақып атамыздың томдық шығармаларын таныстырды. М.Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары алаш арысының шығармаларын орындап, алғыс арқалады. Сонымен қатар, тау тұлғаның қилы заман кезінде көрген қиындықтары мен жүрекке ой салатын шығармалары ауыл сахнасында көрніс тапты. Әдеби кешті тамашалаған ауыл қариялары мен ардақты әжелеріміз ақ баталарын беріп, ризашылықтарын жеткізді.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әуезді ән, күмбірлеген күй, мың бұралған би арқылы кештің шырайын келтірді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы, ауыл мәдениетінің дамуы жолында «Үш таған: мектеп, клуб, кітапхана» қызметкрелері бірлесе жұмыс істеп, жаңашылдықпен жаңаша серпін берсе, алынбайтын қамал болмайтының тілге тиек етті. Сондай – ақ, әдеби кеште өнер көрсеткен ауыл өнерпаздарын алғыс хаттармен марапаттады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайда өткен «Күй керуені» ұлт рухын тербетті

Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)

18 часов назад

Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…

19 часов назад

В десяти областях Казахстана работают мониторы на стадии досудебного расследования

Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)

19 часов назад

Причинённый киберпреступниками ущерб карасулянам составил 61 312 495 тенге

Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)

21 час назад

Жас маман еңбек жолын Торғайдағы Ақкөл ауылынан бастады

Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…

23 часа назад

В рамках социально-правовой акции «Мүмкіндік» в Мендыкаринском районе прошла встреча с лицами, чьи возможности по ряду причин ограничены

В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…

24 часа назад

This website uses cookies.