Қырық жылда бір келген жаңа көлік
Жангелдин аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жаңадан қызметтік автокөлік келді. Қазіргі таңда аудан орталығындағы төтенше жағдайлар бөлімінің ғимараты сын көтермейді. 60 жыл бойы күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген ғимаратты төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өздері лекерлеп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап отыр. Жалпы, горнизон бойынша 23 адам қызмет жасайды.
«Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінде 6 автокөлік бар. Оның үшеуі өрт сөндіру көлігі. 2022 жылы жаңадан алынған көлік. Ал біреуі 2004 жылғы. Тіпті 1987 жылғы өрт сөндіру көлігі де бар. Өзіміздің инженерлеріміздің арқасында ескірген көліктер уақытылы межелі жерге барып, төтенше жағдайдын алдын алып отырады. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жасап берсе деген ойымыз бар. Басшылыққа хат жолдап, ұсыныс айтқанбыз. Сметалық құжат дайындап, осы мәселені қолға салсақ, ғимаратымыз жақсарып қалар еді. Қызметкерлеріміздің арқасында ішіне жылу жүйесін тартып алдық. Басқа да қажетті құрылыс жұмыстарын жасадық. Биыл міне ең дала да еркін жүретін жаңа қызметтік автокөлік берді. Келешекте өрт сөндіру көліктерін жаңалап берсе, жақсы болар еді», – дейді төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Темірлан Досмағанбетов.
Төтенше жағдайлар бөлімі мен №27 өрт сөндіру бөлімі аудан көлеміндегі табиғи апатттар мен дала өрттерінің алдын алып, тиянақты әрі жауапкершілікпен жұмыс істеп келеді. Олардың еңбектері зор. Бейбіт өмірдің батырларына қандай құрмет болса да еш артықшылығы жоқ.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)
This website uses cookies.