Жанкелдин ауданында гүлдей құлпырған ару қыздар сайысы өтті

Салт – дәстүр дәріптелеген күн болды Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде, мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Торғай аруы – 2025» байқауы өтті.Әр бір қазақ қызының сұлулығын, көркем мінезін, инабаттылығы,білімі мен өнері сараланатын байқау жоғары дейгейде өтті. Байқаудың негізгі мақсаты ауданымыздың ең сұлу, дарынды және өнерлі қыздарын танытып, ерекше қабілеттерін көпшілікке көрсету. Байқауға төрт ару қатысты, ұйымдастырушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс шалғайдағы ауылдар келіп қатынаса алмағанын тілге тиек етті. Байқауға Торғай ауылынан Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Данила Қаскелең, Қалам-қарасу ауылынан Жангүлім Тынымбай, Жаркөл ауылынан Марал Дүйсебек, Көкалат ауылынан Айдана Ақсүйін қатысып, өзара сынға түсті.

Байқау бес кезең бойынша өтті. «Мен қазақ қызымын» деп аталатын, таныстыру кезеңінен қыздар сүрінбей өтіп қазылардың жоғарғы ұпайына ие болды. «Шебер қол» – қолөнер мен ісмерлік түрлерінің таныстырылымы кезеңінде арулар қолдан жасап әкелген түрлі туындыларын таныстырды. Байқаудың үшінші «Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Данила Жәнібекқызы А.Байтұрсыновтың «Анаға хат» өлеңін нақышына келтіре оқып, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Жангүлім Амандыққызының сомдаған «Соқыр ана» қойылымыда жоғары деңгейде сахналанды.

Ана кейпін сомадаған ару, асқан шеберлікпен өз рөлін сомдай отырып, халықтың зор қошеметіне бөленді. Жанды дауыста «Француз» тілінде ән салған Айдана Кеңесқызы, мың бұралған бишілерімен сахнаның сәнін келтірген Марал Медетқызының өнерлері де көптің көңілінен шықты. «Әсемдік жарасады бұл аруға» атты кезеңде ару қыздар қазақы нақышта тігілген киімдермен сән үлгісін көрсетті. Байқаудың соңғы кезеңі арулардың білімін сараптайтын, «Зерделінің ойы озық» – сұрақ-жауап бөлімі болды.

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды білу әр бір қазақ қызына тән дүние. Торғай аруы атағына, қатысушылардың әдемі келбеті, сұлу бітімі, өнері мен шеберлігі ғана емес, білімділігі де қатар жүретінін ару қыздар барша көрермен алдында дәлелдеді. Қазылар алқасының шешіміміен жоғарғы ұпайға ие болған, байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өткен Торғайлық ару Данила Қаскелеңді «Торғай аруы-2025» байқауының жеңімпазы деп жариялады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы жеңімпазға тәжін кигізіп, «Торғай аруы-2025» байқауының арнайы лентасын тақты. Жүлделі бірінші орынды Жаркөл ауылының аруы Марал Дүйсебек иеленді. Екінші орынға Қалам-Қарасу ауылының аруы Жангүлім Тынымбай лайықты деп танылса, жүлделі үшінші орын Көкалаттық ару Айдана Ақсүйінге бұйырды. Барша қатысушыларға арнайы мадақтамен мен ақшалай сыйақы табысталды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

2 дня назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

2 дня назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

3 дня назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

3 дня назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

3 дня назад

This website uses cookies.