Жанкелдин ауданында ұлы тұлғаларды ұлықтау үрдісі ұстаздардан бастау алды

Алаштың тұлғасына тағзым

Биыл қазақ ағартушысы, ақын, жазушы, педагог, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы. Алаш қайраткерінің құрметіне арналған мәдени көпшілік іс – шаралар лек – легімен жүзеге асып келеді. Оның сыртында Бидайық ауылындағы кесенесіне жөндеу жұмыстары жасалуда. Тоқанай мен Саға ауылының ортасындағы көтерме жолды да қалыпқа келтіріп жатыр. Негізгі іс – шараның басым бөлігі қыркүйек айында өтеді деп жоспарлануда. Әзірге аудан көлеміндегі шараларға басымдық берілуде. Мәселен, аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен «Міржақып Дулатұлы шығармаларының негізгі идеясы, көркемдік ерекшелігі» тақырыбында облыстық ғылыми – практикалық конференция өтті.
Оған Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, педогог қызметкерлері мен ардагер ұстаздар және аудан мектептерінің директорлары мен мұғалімдері қатысты.

Ұлттық сана мен қазақтың ділін ұстанған ұлы тұлғаның асыл мұрасын дәріптеу, ағартушылық еңбектерінің құндылық негіздерін ашу және оқу – тәрбие үрдісін жүзеге асыруға бағытталған облыстық конференцияның ашылу салатанатында аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев құттықтау сөз сөйлеп, конференцияға қатысушы ұстаздар қауымына ізгі тілегін арнады. Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары «Алаш ардақтысына тағзым» атты жыр жолдарын арнады. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педогогикалық университетінің педогогика және филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, «Құрметті профессор», айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев кіріспе сөз сөйлеп, ұлы тұлғаның қазақ халқы үшін жасаған ерең еңбектеріне тоқталды. Облыстық білім басқарамысының әдістемелік орталығының әдіскері Ермек Иманқұлов ауқымды іс – шараның өтуімен құттықтады.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Абай Қасым ғылыми – практикалық конференцияның тақырыбы аясында баяндама жасады. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педогогикалық университетінің аға оқытушысы, магистр, «Құрметті профессор» Ардақ Абдуллина «Міржақып Дулатұлының әдеби мұрасы» төңірегінде, Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы «Алаштың аманаты – Гүлнар Міржақыпқызының бізге жеткізген мұрасы» жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Тарихи деректерге сүйеніп, мазмұны маңызды мұраларды насихаттады.

Конференция соңында білім саласының дамуына үлес қосқан ардагер ұстаздар, облыстық білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретінің мектебінің оқушылары М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» атты сахналық қойылымды көпшіліктің назарына ұсынды. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің ұжымы концерттік бағдарламаларын тарту етті. Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің базасында педагог қызметкерлері үшін секция жұмыстары жалғасты. Конференция жиынына келген қонақтар аудан орталығындағы тарихи мұражайларды аралап, рухани құндылықтың куәсі болды.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

14 часов назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

15 часов назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

15 часов назад

В Узункольском районе идёт интенсивная уборка снега

Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)

15 часов назад

В Наурзумском районе подготовка к весенним полевым работам идет полным ходом

Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)

15 часов назад

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

16 часов назад

This website uses cookies.