Денисов ауданындағы ең тапшы мамандықтар тізімі

Аудандық мансап орталығының ақпараты бойынша өңірде жүк көлігінің жүргізушілері, ветеринар дәрігерлер, бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп психологтары, бухгалтерлер аса қажет.

Осы аталған  мамандық түрлері дәл қазіргі күні тапшы және кадр құрамын жедел толықтыруды талап етуде.

«Кадр тапшылығын шешу үшін биыл жас мамандар үшін Денисов ауданында тұрғын үй құрылысын жалғастыру қарастырылған,-деді аудандық мансап орталығының директоры Ерлан Құлжанов.

Сондай-ақ ауданда мемлекеттік қызмет саласы бойынша 23 бос лауазым орны бар. Мәселен, жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және төтенше жағдайлар бөлімінде, тұрғын үй инспекциясында, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінде, экономика және қаржы бөлімінде, қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бөлімінде, ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде, әкім аппаратында, Аршалы, Денисов, Красноармейский ауылдық округтері әкімдіктерінің аппаратында бас маман лауазымдары бос тұр.  Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы және әкімнің көмекшісі сияқты лауазымдар бос. Бұл бос жұмыс орындары ауданда білікті мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе экономика, ауыл шаруашылығы, инженерлік, заңгерлік және әкімшілік жұмыс тәжірибесі бар мамандардың қажеттілігін көрсетеді.

Аудандық мансап орталығының директоры Ерлан Аманжолұлынан жас мамандардың неге ауылда еңбек етуге құлықсыз екенін сұрап көрдік. Сала маманының айтуынша қазіргі жас толқын бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты ауылда жұмыс істеуден бас тартады.

–  Көптеген ауыл мамандарының жалақысы қалаларға қарағанда айтарлықтай төмен. Бәлкім бұл да жастардың ауылдан гөрі қалада жұмыс істеуіне әсер ететін шығар. «Ауылдың дамуы артта қалған» деген ескі түсінік, стереотип қалыптасқан. Оның өзі жас буынның ауылдан алшақтауына себепкер деп ойлаймын. Бұл қасаң пікірді жоятын уақыт келді. Өйткені қазір ауылда еңбек етіп-ақ мол табысқа, биік мансапқа, үлкен абыройға жетуге болатынын дәлелдеп жүрген мамандар баршылық. Сондықтан, жас түлектерді туған жерімізді түлетуге шақырамын,-деді Ерлан Аманжолұлы.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

2 часа назад

Ұзынкөлде өткен Форумда белсендіжастар анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын…

3 часа назад

Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)

3 часа назад

«Я что, тупой?»: почему люди становятся жертвами интернет-мошенников?

Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» совместно с полицейскими Костанайского района 22 сентября встретились с населением Московсковского…

3 часа назад

В Карасу в рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в центральной библиотеке и отделе полиции

Участники разбирали реальные ситуации, учились отличать травлю от обычного конфликта и говорили о признаках, по…

8 часов назад

За 40 лет во дворе жительницы Наурзумского района цвели более 80 видов цветов

Цветы во все времена были настоящим украшением любого сельского двора. (далее…)

8 часов назад

This website uses cookies.