Жанкелдин ауданында мектептердің жаңа оқу жылына әзірлік барысы қалай?
Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 88 миллионға жуық қаражат бағытталды.
Жанкелдин ауданында білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына сапалы дайындау және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев айтты.
Аудандық мектептердің инфрақұрылымын жаңарту мен материалдық-техникалық базасын нығайтуға қазынадан қаржы қарастырылған.
«Білім беру ғимараттарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 88 миллион теңге қаражат жұмсалуда. Жөндеу жұмыстары келесі мектептерде белсенді жүріп жатыр. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп, Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп, Н.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектеп, Қ.Топаев атындағы жалпы білім беретін мектеп, Қаратүбек жалпы білім беретін мектептері. Жөндеу жұмыстары балалардың жаңа оқу жылында заманауи әрі жайлы сыныптарда білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті аудан басшысы.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 55 миллион теңге бағытталды. Осы қаржы аясында барлық білім ұйымдарына заманауи қауіпсіздік жүйелері енгізілді. Аудандық полиция бөліміне тікелей қосылған 240 бейнекамера орнатылды. Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін «дабыл түймелері» мен «дауыстық хабарлама» жүйелері іске қосылды. Аудан орталығындағы 3 жалпы білім беретін және 1 өнер мектебіне арнайы «жеке меншік күзет» ұйымы орналастырылды.
«Қысқы жылыту маусымына дайындық та басты назарда. Қазіргі таңда білім беру мекемелеріне қатты отын (көмір) тасымалдау жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр», – деді аудан әкімі.
Бүгінгі күні аудан мектептеріне қажетті қатты отынның 60 пайызы толық жеткізілген. Қалған бөлігін тасымалдау жұмыстары бекітілген кестеге сай жалғасуда.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31