Денисов ауданының мәдениет қызметкерлері біліктіліктерін шыңдады
Денисов ауданының әкімдігі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесе ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханалардың қызметкерлеріне арналған әдістемелік семинар ұйымдастырды.
Ауылдық клубтардың өкілдері жыл бойы атқарған жұмыстарын таныстырып, болашаққа бағыт-бағдар алды. Бүгінде Денисов ауданында 18 ауылдық клуб бар. Олардың жанынан арнайы үйірмелер құрылып, жұмыс істеуде. Шығармашылық ұжымдар KPI бағдарламасымен шалғайдағы елді мекендерге гастрольдік сапарларға шығып, мәдениет саласының дамуына күш салуда. Қостанай облыстық мәдениет басқармасының өкілдері аталған жұмыстарды жоғары бағалап отыр. Соның ішінде Покров ауылдық мәдениет орталығының қызметкері Айман Ержанованың, Алшан ауылының мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Айсұлу Гатиятуллинаның, Жалтыркөл ауылдық мәдениет үйінің маманы Наталья Павленконың еңбегі ерекше аталды. Мәдениет қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.

«Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары ауылдардағы мәдениет үйі қызметкерлерінің құжаттарын тексеріп, алдағы жоспарларымен танысты. Ұсыныс-тілектерін түртіп алдық. Алдағы жұмыстарына көмекші құрал ретінде әдістемелік сценарийлер топтамасын, ансамбльдер жинағын және көптеген материалдар табыстадық. Біздің орталық аудандық және ауылдық мәдениет үйлеріне әдістемелік – практикалық көмек көрсетуді жалғастыруда»,-деді облыстық халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының басшысы Дамир Қалқаев.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Василий ВАСИЛЬЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31