Қазақтың қара домбырасын серік етіп, суырыпсалма өнердің биігінен көрінген көрнекті ақын, Қазақстанның халық ақыны Әсия Әйіпқызы Беркенова өмірден өтті.
Ұлттық айтыс өнерінің өрісін кеңейтіп, талай жыр додасында ел намысын қорғаған ақынның қазасы – қазақ руханияты үшін ауыр қайғы.
Әсия Әйіпқызы үшін айтыс тек өнер сайысы емес, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын мінбер болған еді. Ол өз жырларында қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ана тілі мен елдік мүддені ту еткен ақын ретінде танылды.
Айта кетейік, аяулы ақын 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысы Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Жастайынан өлеңге құмар болып өскен ол өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап айтыс сахнасына шығып, өткір ойы, ұтқыр сөзі мен суырыпсалмалық қабілеті арқылы халықтың ықыласына бөленді.
1984 жылы Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста бас жүлдеге ие болып, ақындық өнердегі алғашқы үлкен жеңістерінің біріне қол жеткізді. 1990 жылы оған «Қазақстанның халық ақыны» атағы берілді. Кейінгі жылдары республикалық және халықаралық айтыстарда топ жарып, қазақ сөз өнерін шетелдерде де танытты.
Өнерімен қатар қоғамдық өмірге де белсене араласқан ақын 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Кейінгі жылдары жас таланттарды тәрбиелеуге көңіл бөліп, айтыс өнерінің жаңа буынының қалыптасуына үлес қосты.
Ақын ерен еңбегі үшін «Құрмет» және «Барыс» ордендерімен марапатталған болатын. 2016 жылы Қостанай қаласының, 2017 жылы Қостанай облысының Құрметті азаматы атанды. 2025 жылы 75 жылдық мерейтойы аясында оның құрметіне республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылып, кең көлемде атап өтілгені ел есінде.
Әсия Беркенова – қазақ айтысының тарихында өзіндік орны бар, суырыпсалма өнердің дамуына зор үлес қосқан тұлға. Оның өткір жырлары, елдік мәселелерді қозғаған азаматтық үні мен өнерге адалдығы кейінгі буынға өнеге болып қала бермек. Қостанай жұртшылығы аяулы ақынның жарқын бейнесін әрдайым құрметпен еске алады.
Марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы болсын. Жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
“Әулиекөл КостанайМедиа” редакциясының ұжымы,
сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен
Қамысты ауданында бағдарлама аясында жалпы сомасы 68 миллион теңгеге алты жоба қаржыландырылды. Қаражат мал…
На встрече, организованной КСТУ им. З. Алдамжар, представители колледжей и школ, а также специалисты предприятий…
Туған жердің табиғатын түлетуге бағытталған игі бастамаға Құрылтай депутаттары қолдау білдіріп, аудан тұрғындары жаппай атсалысты.…
Главной целью визита стало непосредственное общение с местными жителями, изучение актуальных вопросов и проблем, волнующих…
В 2021 году парень уже получал Гран-при конкурса «Жас толқын», спустя пять лет вновь стал…
Профессию бухгалтера нередко представляют как монотонную и не слишком интересную работу, состоящую из бесконечных цифр,…
This website uses cookies.