Амангелді ауылында жылу қазандығы қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр

6 қараша күні Амангелді ауылында бірнеше нысанға қызмет көрсеткен қазандықта жарылыс болды.

Бұл жағдайға Қостанай облысының әкімі жеке бақылау орнатты. Оқиға орнында қысқа мерзім ішінде жаңа блокты-модульді қазандық салынды. Бұл қазандық ауыл тұрғындарының үйлеріне жылу беріп отыр. Мұнда барлық қажетті талаптарға сай үш жаңа қазандық орнатылған.

– Блоктты- модельді қазандық қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр. Тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ. Бұл қазандыққа үш тұрғын үй қосылған. Төтенше жағдай болған күні әр пәтерге уақытша жылу көздері орнатылды. Бөлме температурасы 18-20 градусты сақтап тұрды, ешқандай шағым түскен жоқ, – дейді Амангелді ауданының әкімі Канат Кеделбаев.

Жаңа қазандық 7 қарашадан бастап іске қосылды. Оны салуға облыстық бюджеттен 62 миллион теңге бөлінді. Қазіргі заманғы жабдықтар барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Бұл қазандық аудандық мұражай, мәдениет үйі және бірнеше тұрғын үйге жылу береді. Жоба аясында іргетас құйылып, қабырғалар көтеріліп, шатыр жабылып, түтін құбыры орнатылды. Жаңа қазандық толықтай жылыту жүйесінің негізгі трассасына қосылған. Оқиға болған күні тұрғындар өз үйлерінде суықты сезінген жоқ. Жылу уақытша электр пештері арқылы берілді.

Бүгінгі таңда блокты-модульді қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық нысандар жылумен қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындарымен байланыс үзілмейді.
Бізде арнайы құрылған топ бар, тұрғындар кез келген мәселесін сол жерде жеткізе алады. Барлық жұмыс бақылауда, – деп мәлімдеді қазандық қызметкерлері.
Қазіргі уақытта Амангелді ауданында жағдай тұрақты. Тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су толық көлемде беріліп жатыр. Жергілікті билік алдағы аязға дайын екенін атап өтті.
Ал қайтыс болған қазандық қызметкерінің отбасына әкімдік тарапынан және демеушілерден қаржылай көмек көрсетілді.

Аяжан СЕРІК,
видеоны жасаған Абиль ДОЩАНОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Аулиекольском сельскохозяйственном колледже говорили о ВИЧ без мифов и предубеждений

О путях передачи инфекции, современных методах лечения и важности своевременного тестирования. (далее…)

25 минут назад

В Наурзумском районе отетили День социального работника

Ежегодно в последнее воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников системы социальной защиты. (далее…)

56 минут назад

В селе Караменды Наурзумского района состоялся областной турнир по футзалу среди ветеранов спорта

Соревнования были посвящены памяти ветерана спорта Наурзумского района, уроженца села Раздольное Албастова Хусейна Ахмедовича. (далее…)

1 час назад

Науырзымдық батыр аналарға құрмет көрсетілді

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)

5 часов назад

Жангелдин ауданында кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді

Кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі, ауылдың әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. (далее…)

5 часов назад

В селе Караменды Наурзумского района усиливают меры по обеспечению общественной безопасности

Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)

6 часов назад

This website uses cookies.