Қамысты ауданында денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр.
Әсіресе шалғай ауылдық елді мекендерде дәрігер мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Қазіргі таңда аудан бойынша травматолог, анестезиолог-реаниматолог және хирург дәрігерлеріне қажеттілік бар.
Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылдың қазан айынан бастап Қамысты аудандық ауруханасы дәрігер-хирургпен толықты. Аурухана ұжымына Бақытжан Қабденов қабылданды.
Бақытжан Дәулетұлы Семей қаласының тумасы. 2012-2019 жылдары Семей медицина университетін тәмамдаған. 2019–2025 жылдар аралығында Павлодар облысы Ақсу қаласында дәрігер-хирург болып еңбек еткен. Жалпы еңбек өтілі – 6 жыл. Қазіргі уақытта ол бас дәрігердің шақыртуымен Қамысты аудандық ауруханасында қызмет атқаруда. Жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Жаңа хирургтің келуі аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
«Ауылдық жерлерде білікті мамандарға сұраныс жоғары екенін жақсы білемін. Қамысты ауданына шақырту алған соң келісімімді бердім. Мұнда жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта тұрғындарға сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсетуге бар күшімді саламын», – дейді дәрігер-хирург.
Аудандық аурухана басшылығы алдағы уақытта да кадр тапшылығын азайту, жас мамандарды тарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын жалғастырады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет кейіпкердің архивінен алынды
Завершены плановые взрывные работы на реке Тобол в районе села Алчановка. (далее…)
ДК важно сохранить, ведь они способны вдохнуть жизнь в населенные пункты. Об этом пишет "ТоболИНфо"…
Ұлттық рухты ұлықтаған Наурыз. (далее…)
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
This website uses cookies.