Қамысты ауданында көшелердің 98 пайызына жарық қойылды

Елді мекендердің инфрақұрылымы жаңарып келеді.

Жайылма өңірінде ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Биыл жергілікті бюджеттен көшелерді жарықтандыруға 12 млн теңге бөлініп, қаражат төрт ауылдық елді мекендегі маңызды жұмыстарға бағытталды.
Жоба аясында 100 жарық шамы мен 47 бағана орнатылып, жалпы ұзындығы 4,5 шақырым болатын бес көшеге жарық тартылды. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстардың барлығы толық аяқталған.
Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша көшелерді жарықтандыру деңгейі 95,4 пайыздан 98,4 пайызға дейін өскен.
«Бүгінде жарықтандырылған көше желісінің ұзындығы 156 шақырымға жетті. Аудандағы 158 шақырым көше желісінің басым бөлігі қамтылған. Жалпы 196 көшенің 192-сі жарықтандырылды», – дейді аудан әкімі.
Бұл көрсеткіш ауыл тұрғындарының қауіпсіздігіне де тікелей әсер етеді. Әсіресе кешкі уақытта жаяу жүргіншілердің қозғалысын жеңілдетіп, көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай қалыптастырады.
Қамысты ауданында қауіпсіздік мәселесіне де көңіл бөлініп отыр. Қамысты селосында бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Ауыл әкімі Бейбіт Меңдәулетовтың мәліметінше, қазіргі уақытта елді мекенде 25 бейнебақылау камерасы бар. Бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті бақылауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және ауылдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыл көшелеріндегі жол белгілері де кезең-кезеңімен жаңартылып, толықтырылып келеді. Бейбіт Меңдәулетовтың айтуынша, Қамысты селосының өзінде шамамен 350 жол белгісі бар.
Жол инфрақұрылымының бұл элементтері көлік қозғалысын реттеп қана қоймай, әсіресе мектеп, әлеуметтік нысандар мен орталық көшелер маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Ауылдағы инфрақұрылымның жағдайы тұрғындардың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер етеді. Көшелердің жарықтандырылуы – осы бағыттағы негізгі мәселелердің бірі. Биыл жүзеге асқан жобалардың нәтижесінде аудан бойынша жарықтандырылған көшелер саны 192-ге жетті. Бұл – жалпы көше санының 98 пайызға жуығы. Алдағы уақытта жарықтандырылмаған қалған көшелерді де қамту мәселесі күн тәртібінде тұр. Осылайша аудан әкімдігі елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруды көздеп отыр.
Қамысты ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстар ауылдардың тек сыртқы келбетін жақсартуға емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Қамысты селосының тұрғыны Ақбидай Жеңісханның айтуынша, көшелердің жарықтандырылуы ауыл тұрғындары үшін әсіресе түнгі уақытта үлкен қолайлылық туғызған.
«Қазір түнде аудан көшелері жарық. Бұрын қараңғы уақытта жүру қиындау болатын. Қазір көшелердің жарық болуы тұрғындарға да, көлік жүргізушілеріне де ыңғайлы. Әсіресе кешкі уақытта балалар мен үлкендердің қауіпсіздігі үшін маңызды», – дейді Ақбидай Жеңісхан.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайдың талай тарланын түлеткен Тәуіште жаңа спорт кешені ашылды

Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)

3 часа назад

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 часов назад

«Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызы – 90 жаста

Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…

9 часов назад

Денисов ауданының педагогы Баян Достанова «Құрмет» грамотасын алды

Бүгін Қостанайда өткен ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Денисов ауданының педагогы Баян Достанова облыс әкімінің…

10 часов назад

В Аулиекольском районе отметили День учителя, объединив современные технологии, творчество и признание труда педагогов

Праздничное мероприятие ко Дню учителя в Аулиекольском районе началось необычно. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.