Қамысты ауданында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары күшейтілді

Қамысты ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді дайындық жұмыстары жүргізілуде.Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар маңызды шаралар қолға алынып, су өткізу жүйелері жаңартылды, арнайы техникалар мен материалдар қоры толықтырылды. Ауданда су тасқыны қаупі жоғары учаскелер күшейтіліп, 300 метрден астам аумақта қорғаныс шаралары атқарылды. Топырақ үйінділері нығайтылып, құм салынған қаптар төселді. Бұл жұмыстар судың тосыннан жайылу қаупін барынша азайтуға бағытталған.


-Инженерлік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында: Пушкин ауылының кіреберісінде екі екі көзді су өткізу құбыры орнатылды. Бұл құрылғы судың біркелкі ағуын қамтамасыз етіп, ауыл ішіне су жайылу қаупін төмендетеді. Қамысты – Фрунзе тасжолында қосымша екі су өткізу құбыры орнатылды. Бұл жол төсемінің шайылуын болдырмауға көмектеседі. Су тасқынына қарсы күреске қажетті материалдар мен жабдықтар жаңартылды. Қазіргі таңда аудан қорында: 4000 дана құм салынған қап, 2 қайық, 10 дренаждық сорғы, 9 мотопомпа, 40 тонна инертті материал (құм), 8 тонна 247 литр жанар-жағармай қоры бар, – дейді Қамысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Жансұлтан Төлебергенов.

Сонымен қатар, №18 өрт сөндіру бөлімінің балансында 2 толық жабдықталған мотопомпа мен 9 ЦВК қорғаныс костюмі (су тасқыны кезінде жұмыс істеуге арналған арнайы киім) сақталған.


Қамысты ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқынына дайындық деңгейін тексеру мақсатында арнайы рейд ұйымдастырды. Пушкин ауылында қорғаныс бөгеттері мен су өткізу құбырларының жағдайы қаралды. Фрунзе ауылында инженерлік құрылымдардың беріктігі тексерілді. Жергілікті органдардың дайындық деңгейі сараланып, қайықтардың, сорғылардың, мотопомпалардың жұмысқа жарамдылығы тексерілді.

Алдағы уақытта Пушкин ауылында қосымша рейд жүргізіліп, тұрғын үйлер араланып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Тұрғындарға су тасқынына алдын ала дайындалу қажеттілігі туралы ескертіліп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша арнайы жаднамалар таратылады. Сондай-ақ, Қамысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері ауладағы қарды тазалауды, су өткізу құрылыстары мен арықтарды жеке аумақтағы қар мен қоқыстардан тазартуды қамтамасыз етуге шақырады. Су тасқындары кезінде елді мекендегі тұрғындарды құлақтандыру және ақпараттандыруды жұмыстарын ұйымдастыру үшін барлы қолжетімді әдістер қолданылуда.

-Егер су тасқыны орын алған жағдайда, 14 жылыту пункті зардап шеккен тұрғындарды қабылдауға дайын. Оларды азық-түлік және қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін 6 меморандум жасалған. Бұл келісімдер төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді, – дейді Жансұлтан Төлебергенов.

Қамысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Жансұлтан Төлебергеновтің айтуынша, аудан аумағында су тасқынына дайындық жоғары деңгейде жүргізілуде.

-Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті билік органдары халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жағдай тұрақты бақылауда, егер ахуал нашарлайтын болса, шұғыл шаралар қабылданады, – дейді ол.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Дина НҰҒМАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайда өткен «Күй керуені» ұлт рухын тербетті

Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)

19 часов назад

Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…

21 час назад

В десяти областях Казахстана работают мониторы на стадии досудебного расследования

Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)

21 час назад

Причинённый киберпреступниками ущерб карасулянам составил 61 312 495 тенге

Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)

22 часа назад

Жас маман еңбек жолын Торғайдағы Ақкөл ауылынан бастады

Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…

1 день назад

В рамках социально-правовой акции «Мүмкіндік» в Мендыкаринском районе прошла встреча с лицами, чьи возможности по ряду причин ограничены

В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…

1 день назад

This website uses cookies.