Қамыстылық 56 жасында жұмыс тапты

Қамысты селосының 56 жастағы тұрғыны Сергей Миних бірнеше ай бұрын жұмыссыздар қатарында еді.

Бұрынғы еңбек жолын Қамысты аумақтық электр стансасында өткізген ол белгілі себептермен жұмысынан айырылып, қайта жұмыс табу қиынға соққан.
Алайда аудандық мансап орталығының мамандары оған «Күміс жас» жобасына қатысуды ұсынған. Бағдарламаның жолдамасы арқылы Сергей мамыр айында «Жұлдыз» дүкеніне шаруашылық меңгерушісі болып тұрақты жұмысқа орналасты.
«56 жаста жұмыс табу оңай емес. Бұл бағдарлама біз сияқты жастағы азаматтарға үлкен демеу болды. Тұрақты табысым бар, өзімді қайта қажет сезіне бастадым. Осындай қолдау үшін алғысым шексіз», – дейді ол.
Сергей Миних – биыл Қамысты ауданында «Күміс жас» жобасы аясында тұрақты жұмысқа орналасқан 8 адамның бірі. Жобаның негізгі мақсаты – 50 жастан асқан, бірақ зейнетке шықпаған жұмыссыз азаматтарды еңбекке тарту, олардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Аудан бойынша еңбекке тартылған азаматтардың ауылдар бойынша бөлінісі мынадай: Қамысты селосынан – 4 адам, Ливанов ауылынан – 2 адам, Жайылма ауылынан – 1 адам, Арқа ауылынан – 1 адам.
Аудандық мансап орталығының маманы Әлия Искакованың айтуынша, бұл жоба – әлеуметтік жағынан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да тиімді:
«Жоба еңбекке қабілетті азаматтарға жаңа мүмкіндік береді. Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші адамды тұрақты қызметке қалдыруы тиіс. Бұл – зейнеталды жастағы адамдар үшін сенімді қолдау», – дейді ол.
«Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс ұзақтығы 36 айдан аспайды. Осы уақыт ішінде жалақының бір бөлігін мемлекет субсидиялайды: 1-жылы – 70% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), 2-жылы – 65%, 3-жылы – 60%.
Бағдарлама тағы бір қатысушы – Ольга Маляренко үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ол «Жантау» дүкеніне сатушы болып жұмысқа тұрды. Өз сөзінде ол жобаның маңыздылығын атап өтіп, алғысын білдірді.
Айта кетейік, бұл жобаға 50 жастан асқан, зейнеткерлікке дейінгі кез келген азамат аудандық мансап орталығына өтініш беру арқылы қатыса алады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Сарыкольском районе создан оперативный отряд экстренного реагирования

Подразделение гражданской обороны готово к выполнению задач по ликвидации чрезвычайных ситуаций. (далее…)

2 часа назад

Торғайда жабық хоккей корты пайдалануға берілді

Ауылда қысқы спортқа жаңа мүмкіндік. (далее…)

2 часа назад

В Денисовском районе неравнодушные жители помогли четырём семьям

Иногда большие и очень важные дела начинаются с простого сообщения в соседском чате. (далее…)

2 часа назад

Возвращенные активы ускорили стройку водопровода в Шили Джангельдинского района

Если заглянуть на портал государственных закупок, проект все еще может значиться в списках «незавершенных», однако…

3 часа назад

В селе Караменды Наурзумского района прошли соревнованию по национальной игре кокпар

Казахские национальные игры имеют огромное значение в воспитании подрастающего поколения. (далее…)

4 часа назад

This website uses cookies.