Қамыстылық алты әкім біліктілігін арттыруда

Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген.

Сондықтан олардың басқарушылық қабілетін дамыту, тәжірибесін арттыру – маңызды міндет. Осыған орай Қостанайда жаңа сайланған ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курсы басталды. Оқыту бағдарламасы 17 ақпанда басталып, мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Курстың басты мақсаты – жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, әкімдердің кәсіби дағдыларын дамыту және олардың өңірлік мәселелерді тиімді шешу қабілетін арттыру.

Қостанай облысы бойынша 197 ауыл әкімі бар, олардың 134-і алғаш рет кәсіби оқытудан өтуде. Соның арасында Қамысты ауданынан алты ауыл әкімі біліктілігін арттыруда. Барлығы жеті топқа бөлініп оқытылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл әкімдерінің 90 пайызы сайлау арқылы тағайындалғанын, ал олардың 60 пайызы мемлекеттік қызметте бұрын жұмыс істемегенін атап өткен еді. Осыған байланысты Үкіметке әкімдердің біліктілігін арттыру тапсырылды.

Қарабатыр ауылының әкімі Аманжол Хабылхан алғаш рет мұндай оқыту бағдарламасына қатысып отыр. Ол өзінің мемлекеттік қызметке жаңа келгенін атап өтті:

— Сайланған әкімдердің басым бөлігі мемлекеттік қызметте бұрын жұмыс істемеген. Соның бірі – өзім. Биыл тамыз айында алғаш рет сайлауға түсіп, Қарабатыр ауылына әкім болып сайландым. Бұған дейін өз ауылымда мектеп директоры болып жұмыс істедім. Сондықтан бұл оқыту бағдарламасы мен үшін өте маңызды. Сабақтар 17 ақпаннан 13 мамырға дейін жалғасады. Соңында әр әкім өз өңірін дамытуға арналған бағдарламасын қорғайды. Алғашқы күннен бастап жасанды интеллектіні қалай қолдану қажеттігі оқытылды. Қажетті дүниелерді үйреніп жатырмыз, – дейді ол.

Бағдарламаның ашылу салтанатына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Президент Әкімшілігінің өкілдері және саяси партия мүшелері қатысты.

Оқыту бағдарламасы 17 түрлі модульден тұрады. Олардың қатарында:жергілікті бюджетті тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алулар мен салық жүйесі, кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану, тәуекелдерді басқару және шешім қабылдау әдістері қамтылған.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова бұл курстың ауылдық аймақтардың дамуына оң әсер ететінін атап өтті:

— Бағдарлама практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар, тренингтер және сарапшылармен кездесулер арқылы өтеді. Оқыту 240 академиялық сағатты қамтиды. Әкімдер өз өңірлерін дамытуға арналған жобаларын әзірлеп, жасанды интеллекттің көмегімен қорғайды. Егер жоба тиімді деп танылса, оны жүзеге асыру үшін қажетті қаржы бөлінуі мүмкін, – деді ол.

Ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған бұл жоба жергілікті басқару сапасын жақсартып, ауылдық аймақтардың дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде. Егер әкімдердің әзірлеген жобалары қолдау тауып, қаржыландырылса, ауыл тұрғындары үшін нақты өзгерістер орын алмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Жансая СӘБИТБЕК

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Новая поликлиника в селе Заречное откроется уже в ближайшие два месяца

Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…

16 часов назад

Школу в селе Кусакан в Костанайской области продали

Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…

17 часов назад

Ұзынкөл ауданында пробация қызметі тізіміндегілердің әлеуметтік қолдауы жалғасуда

Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)

24 часа назад

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

2 дня назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

2 дня назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

2 дня назад

This website uses cookies.