Қамыстылық дәрігер Алтынбике Сақтағанова отыз жылдан артық еңбек етіп келеді

Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен рөл ойнайды. Қамысты аудандық ауруханасында 34 жыл еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігер, емделушілердің алғысын алған ақ халатты абзал жан – Алтынбике Сақтағанова.

Ол Ақтөбе облысы, Әйтеке ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Ақтөбенің медициналық институтын бітіріп, интернатурадан өту үшін Қостанай облысына жолдамамен келеді. Қостанай қалалық ауруханасында бір жыл интернатурадан өтіп, 1991 жылы тамызда Қамысты ауданына сол кездегі бас дәрігер Қуаныш Исмағұлұлының шақыртуымен еңбегін жолын бастайды.

Сол уақыттан бері Қамысты аудандық ауруханасында терапевт болып еңбек етіп келеді.

– Дәрігер адамның тәнін ғана емес, жанын да емдей алады. Нағыз дәрігер – емделушінің жанын түсініп, мейірім танытатын жан. Адамға көмектесу – дәрігердің басты парызы. Оның жанын да, тәнін де емдей алуың керек. Науқас адам, ең алдымен, дәрігерден жылы сөз бен жан мейірімін күтеді. Ақ халатты азбал жанның емінен бұрын қамқорлығына мұқтаж. Дәрігердің басты қаруы деп білемін. Ол – жылы сөз. Адамға сөзбен сенім сыйлау – бұл өмірдегі ең құдіретті құбылыс. Дәрігердің жылы сөзі мен мейірімді мінезі кез келген дерттің емі деп ойлаймын, – дейді Алтынбике Сақтағанова.

Алтынбике Сақтағанова дәрігер болуды бала күнімнен армандады.

– Кеңес үкіметінің тұсында ауылдық жерге үш жылға жұмысқа жіберетін. Сол Қамысты ауданынның аудандық ауруханаға үш жылға келіп, жұмыс істеп кетемін деп келген мен биыл еңбек етіп жатқаныма 34 жыл болады. Енді мектептен оқып жүріп дәрігер болсам деп армандаушы едім. Бала күнгі мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Алғаш еңбек жолымды бастағанда бірқатар қиыншылықтар болды. Бұрыннан келе жатқан мамандар бізге тәлімгер болды. Көмектерін көрсетті. Сөйтіп тәжірибе жинақтадық. Содан осы аудандық ауруханада терапевт болып жұмыс істеп жатырмын. Үш жылға келіп қалып қойдым. Болашақ жолдасымды осы жерден кездестірдім. Отбасын құрдық. Балалы болдық. Ұрпағымыз өсіп-өнді. Қазір ұлымыздан немере сүйіп отырмыз, – дейді тәжірибелі дәрігер.

Тәжірибелі дәргер өз жұмысын жақсы көремін. Қазіргі жас мамандарға айтары да бар.

– Жұмысқа барынша жан-тәнімді саламын. Дертіне шипа іздеп келген аурулардың емделіп, алғысын айтып, өз аяқтарымен үйлеріне кеткеніне қатты қуанамын. Жүрегім жай табады. Науқастармен бірге қуанамын. Әрине, бізге өте ауыр жағдайда келетін науқастар да болады. Оларды да өте ауыр жағдайға жетіп, ем қонбайтындары да болады. Ондай кезде олардың туыстарымен бірге уайымдаймын. Жылап алатын күндерім де кездесті. Бірақ, қалаған мамандығым болған соң жақсы көремін. Жолдасым Нұрлан Қылышпаевқа үлкен алғысымды білдіремін. Өйткені біздің жұмысымыз өте ауыр. Баламыз кішкентай болған да, күн демей, түн демей жұмысқа шақырғанда ол мені әрқашанда қолдап, жанымнан табылатын, – деп Алтынбике Баязитқызы жан-сырымен бөлісті.

Қазір тұмауға қарсы иммундау шарасы жүріп жатыр. Соны уақытында алу керек. Ең алдымен адам өз денсаулығын күту керек, дейді ол.

– Барлық ауылдастарыма айтарым дендеріңіз сау болсын, ешқашан ауырмаңыздар! Ал, ауырмас үшін алдын ала профилактикалық шаралар жүргізу керек. Алдын алу үшін жаман әдеттерден арылып, темекі, ащы суды ішпеу керек. Оның сыртында жаттығулар жасап, көп қозғалу керек. Бір сөзбен айтқанда, профилактика жасап және сол аурудың алдын алу керек. Егер де сіз диспансерлік есепке алынған болсаңыз, дәрігер берген кеңесті бұлжытпай орындауыңыз қажет. Сонда біз кез-келген ауруды бірге жеңіп шығамыз, – деп сөзін аяқтады Алтынбике Баязитқызы.

Дәрігердің ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегі еселеніп, бірнеше марапаттармен марапатталған.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкердің мұрағатынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Тобыле обновят более 7 километров улиц, а к восьми селам приведут в порядок подъездные дороги

В Костанайском районе ремонтируют дороги и обустраивают новые парковки. (далее…)

4 часа назад

За полгода в Костанайском районе в пять раз вырос объем строительных работ

Инвестиции увеличились на 29%, а ввод жилья — в два раза. (далее…)

21 час назад

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

21 час назад

Қамысты ауданы: Бақшаны баққа айналдырған

Арқа ауылының тұрғыны ауласын ертегі әлеміне қалай айналдырды? (далее…)

22 часа назад

В Костанайской области с начала пожароопасного сезона произошло 43 лесных пожара

Количество возгораний выросло, однако их общая площадь сократилась почти на 93%. (далее…)

23 часа назад

This website uses cookies.