Биыл Қамыстыда отыз баланы оны мемлекеттік грант иегері атанды.Қамысты ауданында 2023-2024 оқу жылын 11 сыныптың 62 түлегі аяқтады. ҰБТ-ға түлектердің 30 немесе 48,4% қатысты, орташа балл 65 балды (облыс бойынша орташа көрсеткіш – 74,9 ) құрады. Түлектердің 10-ы немесе 33,3%-ы мемлекеттік білім грантына ие болды. Соның бірі – Карина Карагулова. Ол Қамысты аудандық №2 жалпы білім беретін мектебінің түлегі. Мектепте жақсы оқыды. Өзін жақсы жағынан таныта білді. Биыл Карина ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл алып, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті атанды.
-Мемлекеттік грантқа оқуға түстім. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 89 балл алдым. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің математика пәні мұғалімдігіне оқуға түстім. Қалаған мамандығыма түстім. Ата-анамның үмітін атқадым. Өз мақсатыма жеттім, – дейді қуанышпен мектеп түлегі Карина Карагулова.
Каринаның бала күнгі арманы – мектепте мұғалім болу.
-Мен мектепте оқып жүргенімде математика пәнін жақсы көрдім. Жоғары сыныпқа келгенде алдымызда болашақ мамандығымызды таңдау мәселесі тұрды. Кішкентай кезімнен математика пәні ең қызық сабақ болғандықтан, тағдырымды математикамен байланыстырғым келді, – дейді ол.
Мемлекет басшысы өз сөзінде білім беру сапасын жақсарту және білім беру мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жақсарту мәселесінің маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, өңірдің білім беру саласында 12 жалпы білім беру мектебі бар, оның ішінде 8 орта және 4 негізгі, жалпы білім алушылар саны – 1403 адам. Бүгінгі үні өңірде 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. 44 үйірмемен секцияға 1 238 оқушы қатысады. Мектептерде 10 филиал ашылған, бұл 762 оқушы қатысады. Жалпы аудан бойынша алты жасқа дейінгі балалардың 98,2%-ын қамтиды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.