Қазақстан Халқы Ассамблеясының Арқалық қалалық «Аналар кеңесіне» арнайы кабинет берілді. Белсенді ақ жаулықты аналар осы жерде жиі-жиі бас қосып, тұрақты іс-жоспарларды іске асырады.
Аналарға арналған жеке бөлменің ашылуына әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров қатысып, аналар кеңесінің қоғамдағы рөлінің алар орны зор екендігіне, отбасы, жас ұрпақ тәрбиесінде бұл ұйымның зор іс тындырып жүргеніне ризашылықтарын білдірді.
Арқалық қалалық «Аналар кеңесінің» төрайымы Бақытжамал Қалтаеваның келешекте қала аймағындағы өнерлі аналарды біріктіріп «Аналар ансамблін» құру және «Кимешек киген әжелер» құралыптас бірегей жобаларды жандандырмақ ойы бар.
-2015 жылдан бері «Аналар кеңесі» болып құрылып, түрлі жақсы тәрбиелік мәні бар, жастар арасында, жас отбасылар, ата-аналар арасында ұлағатты қызмет атқарып келеміз. Осы күнге дейін біздің орталығымыз болған емес. Аналар кеңесі болып, жеке отырысымызды өткізуге мүмкіндік болмайтын еді. Кездескен жерде сөйлесіп, пікірлесіп, жоспарымызды талдап алатынбыз. Енді, мінеки, жеке кабинеттің ашылуын өткізіп жатырмыз. Аналар кеңесі толық құраммен жиналып, ашылу, жабдықтау жұмыстарына асқан жанашырлықпен атсалысқан азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз,-дейді Арқалық қалалық аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Қалтаева.
Аналар кабинеті қала әкімдігі ғимаратының бесінші қабатында орналасқан.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, Суреттерді түсірген Мұрат Жүнісұлы
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.