Сарыкөл кентінің орталық алаңында бас шыршаның шамы жағылды

Аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Сарыкөл ауданы әкімі Марат Шымырбековтың қатысуымен орталық алаңда жаңа жылдық бас шыршаның шамын жағу рәсімі өтті.

Ауа райының салқындығына қарамастан, бұл кешті тамашалауға аудан тұрғындары көптеп жиналды. Балалар мен ересектер үшін арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, орталық алаң нағыз жаңа жылдық ертегіге айналды.

Мерекелік кешті Аяз ата мен Ақшақар бастап, алаңға жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ән мен биге, ойын-сауыққа толы бағдарлама көрермендердің көңілінен шықты. Балалар жаңа жыл кейіпкерлерімен бірге би билеп, шаттыққа бөленді.

Мерекелік кеш барысында аудан әкімі сарыкөлдіктерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген жақсы сөз бар. Біз де Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, берекелі іс пен баянды бақыт күтеміз. Өтіп бара жатқан 2025 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Ауданымызда жыл көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылды.

Біздің жеткен жетістіктеріміз – аудан халқының бірлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Жаңа 2026 жылға үлкен үміт артамыз, – деді Марат Лесбекұлы.

Сонымен қатар, жүргізушілер де жиналған жұртты келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Бас шыршаның шамдарын жағу сәтін асыға күтетіндерін жеткізді. Көпшілік бұл сәтті ерекше әсермен қарсы алды.

Бас шыршаның шамдары жанған сәттен бастап алаңда ерекше атмосфера орнады. Түрлі-түсті жарыққа бөленген алып шырша айналаны жарқыратып, мерекелік көңіл күйді көтерді. Одан бөлек, мерекелік кеш соңы отшашуға ұласты. Көрермендердің жүзінен қуаныш пен шаттық айқын байқалды.
Жалпы, мерекелік іс-шара барысында аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

3 часа назад

«Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызы – 90 жаста

Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…

6 часов назад

Денисов ауданының педагогы Баян Достанова «Құрмет» грамотасын алды

Бүгін Қостанайда өткен ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Денисов ауданының педагогы Баян Достанова облыс әкімінің…

7 часов назад

В Аулиекольском районе отметили День учителя, объединив современные технологии, творчество и признание труда педагогов

Праздничное мероприятие ко Дню учителя в Аулиекольском районе началось необычно. (далее…)

24 часа назад

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

1 день назад

This website uses cookies.